Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2024 жылғы қорытындылары
2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында өндірілген өнім, жұмыстар мен қызметтердің көлемі 595 406,0 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес деңгейінен 116 483,0 млн. теңгеге немесе 24,3 пайызға артты (2023 жылы – 478 923,0 млн. теңге).
Жалпы өнімде құрылым бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісіне – 67,0 пайыз, ауыл шаруашылығының жалпы өніміне – 7,0 пайыз, инвестиция түсіміне – 11,6 пайыз, бөлшек тауар айналымының көлеміне – 5,8 пайыз, көтерме сауда көлеміне – 0,5 пайыз, құрылыс жұмыстарына – 8,1 пайыз тиесілі.
Өнеркәсіптік өнім өндірісі 398 952,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 83 689,0 млн. теңгеге немесе 26,5 пайызға артты (2023 жылы – 315 263,0 млн. теңге), НКИ – 101,9 пайыз. Облыстық НКИ - 100,3 пайыз.
Тау-кен өнеркәсібі саласында 370 422,0 млн. теңгені құрайтын өнім өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес деңгейінен 76 026,0 млн. теңгеге немесе 25,8 пайызға артты (2023 жылы – 294 396,0 млн. теңге), НКИ – 102,0 пайыз. Облыстық НКИ - 100,8 пайыз.
Өңдеу өнеркәсібі саласында тауар өнімдерінің және көрсетілген қызметтерінің көлемі 23 835,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 095,0 млн. теңгеге немесе 42,4 пайызға артты (2023 жылы – 16 741,0 млн. теңге), НКИ – 105,2 пайыз. Облыстық НКИ - 98,6 пайыз.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өндіріс көлемі 4 695,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 569,0 млн. теңгеге немесе 13,8 пайызға артты (2023 жылы – 4 126,0 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 41 527,0 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 2 693,0 млн. теңгеге немесе 6,9 пайызға артты (2023 жылы – 38 834,0 млн. теңге), НКИ – 100,8 пайыз. Облыстық НКИ – 107,7 пайыз.
Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 29 693,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейі көлемінен 2 558,0 млн. теңгеге немесе 9,4 пайызға артты (2023 жылы – 27 135,0 млн. теңге). НКИ – 101,4 пайыз. Облыстық НКИ – 102,4 пайыз.
Есепті кезеңде аудан бойынша жылқы басы санының кемуі байқалады.
Жылқы басы 46 299,0 басты құрап, өткен жылға өсу қарқыны 95,8 пайызды құрады (- 2 028 бас, 2023 жылы – 48 327 бас).
Ірі қара мал басының саны 78 925 басты құрап, өткен жылдың деңгейіне өсу қарқыны 121,0 пайызды құрады (+ 13 707 бас, 2023 жылы – 65 218 бас).
Қой мен ешкі саны 156 124 басты құрап, 2023 жылға өсу қарқыны 111,4 пайызды құрады (+ 15 964 бас, 2023 жылы – 140 160 бас).
17 511 тонна ет өндіріліп өткен жылдың деңгейінен 205 тоннаға немесе 1,2 пайызға артты, сүт өнімі 37 523 тоннаны немесе 101,2 пайызды құрады, жұмыртқа алу 3 083 мың дананы құрап, 1,9 мың данаға немесе 0,1 пайызға артты.
Өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 11 834,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 135,0 млн. теңгеге немесе 1,2 пайызға артты (2023 жылы – 11 699,0 млн. теңге). НКИ – 100,2 пайыз. Облыстық НКИ – 113,7 пайыз.
Аудан бойынша барлық егістік алқабы көлемі – 76,2 мың гектар, оның ішінде ағымдағы жылы игерілгені 28,9 мың гектарды құрап, өткен жылдың деңгейінен 9,0 мың гектарға немесе 23,8 пайызға кеміді (2023 жылы – 37,9 мың гектар).
Есепті кезеңге 5 130 тонна дәнді дақылдар өнімі жиналып, әр гектардан орташа түсім 10,1 центнерді құрады (2023 жылы - 8 953 тонна, орташа түсім – 7,4 центнер); майлы дақылдар өнімі – 7 237 тонна көлемінде жиналып, орташа түсім 11,7 центнерді құрады (2023 жылы - 6 000 тонна, орташа түсім – 8,0 центнер); картоп өнімі – 3 319 тонна, орташа түсім – 189,2 центнер (2023 жылы – 9 000 тонна, орташа түсім – 192,3 центнер); көкөніс өнімдері – 1 005 тонна, орташа түсім – 198,6 центнер көлемінде жиналды (2023 жылы – 1 650 тонна, орташа түсім – 203,7центнер).
Аудан экономикасына бағытталған инвестицияның көлемі 69 073,0 млн. теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 5 909,0 млн. теңгеге немесе 7,9 пайызға кеміді (2023 жылы – 74 982,0 млн. теңге), НКИ – 90,0 пайыз. Облыстық НКИ - 107,0 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 48 414,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 31 727,0 млн. теңгеге немесе 2,9 есеге артты, НКИ – 4,3 есеге артты. Облыстық НКИ – 122,8 пайыз.
Жол жөндеу жұмыстары:
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Шалабай ауылындағы Мәсәлім көшесінің жолына орташа жөндеу жүргізілді (2,164 км.); облыстық бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар ұзындығы 6,6 км. жолға (Шар - Кезенсу - 3,5 км., Жаңғызтөбе - Жарық - 3,1 км.) орташа жөндеу жүргізілді, бұл жергілікті маңызы бар жолдарының үлесін арттыруға мүмкіндік берді, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 78,8% - дан 82,1%-ға жетті.
Қалбатау ауылы және Шар қаласы жолдарына ағымды жөндеулер жүргізілді.
Абаттандыру:
Облыстық бюджет есебінен Шар қаласының кіреберіс аркасынан көпірге дейінгі аралыққа көше жарықтары орнатылды.
14 450 шаршы метр тұрғын - үй іске қосылып, өткен жылдың деңгейінен 3 290 шаршы метрге немесе 29,5 пайызға артты (бюджет есебінен - 2 пәтерлі 32 үй (64 пәтер) немесе 5 840 шаршы метр тұрғын-үй, жеке тұрғындар есебінен 30 үй немесе 8 610 шаршы метр енгізілд)і.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандары 2 388 кәсіпорынды немесе 97,0 пайызды құрады (2023 жылы – 2 473 бірлік). Облыстық көрсеткіш – 97,3 пайыз.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 34 367,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың көлемінен 3 262,0 млн. теңгеге немесе 10,5 пайызға артты (2023 жылы – 31 105,0 млн. теңге), НКИ – 147,2 пайыз. Облыстық НКИ – 112,4 пайыз.
Көтерме сауда көлемі 3 074,0 млн. теңгені құрап, өсу қарқыны - 149,7 пайызды, НКИ – 148,6 пайызды құрады (2023 жылы – 2 053,0 млн. теңге). Облыстық НКИ – 114,7 пайыз.
Ауданның меншік кірістер көлемі 7 991,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейіне 1 133,0 млн. теңгеге немесе 16,5 пайызға артты (2023 жылы – 6 858,6 млн. теңге).
Бюджеттің 4-ші деңгейіне түскен салықтар көлемі 475,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 151,7 млн. теңгеге немесе 46,8 пайызға артты (2023 жылы – 323,7 млн. теңге).
Аудан бойынша орташа айлық еңбекақы 389 266 теңгені құрап, 2023 жылдың деңгейінен 30 484 теңгеге немесе 8,5 пайызға артты.