Жарма ауданы бойынша білім беру мекемелерінде 2024 жылы атқарылған жұмыс бойынша ақпарат
Жарма ауданы бойынша биылғы оқу жылында 38 орта білім беру ұйымдарында 6346 оқушы білім алуда, барлығы 1034 мұғалім жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда 6 мемлекеттік, 2 жекеменшік балабақша, 2 мектеп-балабақша кешені, 36 мектептегі шағын орталықта 3-6 жас аралығы 100%, 2-6 жас аралығы - 98,5% бала қамтылған.
2 қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасайды: Өнер мектебінде 517 оқушы білім алуда және «Мейірім» спорттық - сауықтыру лагерінде жазғы демалыс кезеңінде 300 бала демалды.
Нысаналы мектеп туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру бойынша берілген хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында ауданның 4 нысаналы мектебінде жұмыс іске асырылуда. Олар:
«П. Карелин атындағы орта мектебі» КММ, «Б. Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ, «Т. Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ, «Бақыршық орта мектебі» КММ.
Осы 4 нысаналы мектептің 116 педагогі курстың базалық деңгейін аяқтап, 101 педагог қорытынды тест тапсырды.
Реновация
Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 56 тармағына сәйкес, ауданымызда 5 мектепті реновациядан өткізу: 2026 жылы Бірлік, Суықбұлақ, Н.Крупская, 2027 жылы – Георгиевка, П.Теряев атындағы №17 орта мектептерін күрделі жөндеуден өткізу және толық жабдықтау жоспарлануда.
Новотаубинка ауылындағы Новотаубинка бастауыш мектебі апатты жағдайда болғандықтан, 2025-2026 жылдары 100 орындық жаңа мектептің салынуы жоспарлануда.
МТБ
Биылғы оқу жылында 18 мектепке облыстық бюджеттен 25 проектімен 156 млн 447 мың теңгеге және 3 балабақшаға 5 проектімен 33 млн 878 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы 10 мектепке пәндік кабинет сатып алуға 80,0 млн. қаражат бөлініп, замануи пәндік кабинеттер алынды, олар Георгиевка орта мектебіне, Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешеніне, Абай атындағы мектеп- балабақша кешеніне, Карелин атындағы орта мектебіне - STEM кабинеттері, Н. Крупская атындағы, Т. Хасенұлы атындағы, Бірлік орта мектептеріне -Химия кабинеттері, П. Теряев атындағы орта мектебіне -физика кабинеті, Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебіне - биология кабинетімен жабдықталды.
Қауіпсіздік шаралары
Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес білім беру мекемелері толық бейнекамералармен жабдықталған. 7 мектепте арнайы күзет қызмет жасап отыр. Барлық білім беру ұйымдарының жанында «Абайлаңыз, балалар» жол белгісі орнатылды.
Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналыстары, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: ұрпақ тәрбиелеудегі тәрбие шамшырағы» тақырыбында білім беру мекемелерінің басшыларына семинарлар ұйымдастырылды.
Оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша
Мемлекет есебінен бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанса, 5-11 сыныптан 794 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда ыстық тамақпен қаматамасыз етілген оқушыларға арналған «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылуда.
Оқушылардың жетістіктері
Интеллектуалды конкурстар мен олимпиадалар нәтижесі бойынша облыстық және республикалық кезеңдерге 193 оқушы қатысып, 138-ы жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды.
Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары ХІХ республикалық "Зерде" конкурсында Қажыкелді атындағы негізгі мектебінің 4 сынып оқушылары Шағыманова Балнұр, Нұрахметова Гүлім І орын иегері болса, Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Жанболатқызы Айзере жүлделі ІІІ орын иегері; Бақыршық орта мектебінің 3 сынып оқушысы Бутабаева Жамиля ІІІ орын иегері.
Олимпиаданың нәтижесі бойынша ең үздік командасы ретінде Жарма ауданының командасы марапатталды.
І орын және Шәкәрім университетінің грантын Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Сейтжанұлы Мерейбек; Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Әлымбек Айбол;
ІІІ орын- Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Болат Айзада; Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің оқушысы Азтаева Гүлім; Маяковский атындағы орта мектебінің оқушысы Бағдан Кәкімжан;
Ерекше жетістігі үшін грамотамен Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Ақылбек Сымбат; Маяковский атындағы орта мектебінің оқушысы Бекбосын Ерзат, Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің оқушысы Руслан Фатима марапатталды.
Педагогтердің жетістіктері
- «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңінде Маяковский атындағы орта мектебінің мұғалімі Қизатолла Серікбек жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, Абай облысы білім басқармасының «Абай облысының 2024 жылғы Үздік педагогі» атағының иегері болып табылатын куәлікпен, ақшалай сертификатпен марапатталды.
- Облыстық орта білім беру мекемелерінің арасында өткізілген «Үздік орта білім беру ұйымы-2024» конкурсында "Георгиевка орта мектебі" КММ – 10 млн. сертификатын жеңіп алды.
-Педагогикалық идеялар Фестивалі облыстық кезеңге 6 педагог қатысып, 3 педагог жүлделі орынға ие болды.
- «Үздік жыл психологі» облыстық кезеңіне Жаңғызтөбе орта мектеп- балабақша кешенінің, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің педагог-психологтары қатысып, жүлделі орынға ие болды.
- «Үздік дене шынықтыру педагогы - 2024» облыстық кезеңіне Маяковский атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тюлегетаев Ерхат Дүйсенгазинович қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
- «Тағылымды тәлімгер - жас маманның зергері» атты облыстық байқауында Маяковский атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, жас маман Ленсова Гүлмари Ринатқызы және тәлімгері Қизатолла Серікбек жүлделі ІІ орынды иеленді.
- «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының облыстық кезеңінде Жарма ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы» КМКҚ тәрбиешісі Кошкельдинова Парида жүлделі I орынды иеленді.
- Физика және география пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиадаға 4 педагог қатысып, жүлдегер атанды: П.Карелин атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Токтаганов М.Ж.; Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің география пәні мұғалімі Г. М.Бейсембаева - І орын ;
Маяковский атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Қадылбек .Н - ІІІ орын; П.Карелин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі А.К. Сапиноваға сертификат берілді.
- Химия және биология пән мұғалімдерінің І облыстық олимпиадасына Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Манханова Алтын Канагатовна ІІІ дәрежелі, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Нурахметова Кульжанар Коксегоневна ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
- «Алтын Тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 10 педагог қатысып, 7 жеңімпаз атанды:
II дәрежелі диплом – К.Шакенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Ажар Рахатовна ;
II дәрежелі диплом – Әди Шәріпов атындағы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабдуллина Жадыра Жумабековна;
III дәрежелі диплом – Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Бейсембаева Алия Серикказыновна:
III дәрежелі диплом – К.Шакенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бақыт Гулназ;
III дәрежелі диплом – Жамбыл атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайыргазинова Саулеш Закарьянова;
Ерекше көрсеткен жетістігі үшін Жамбыл атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Багила Таурхановна, Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахимжанова Эльмира Сериболовна грамотамен марапатталды.
Республикалық «Алтын Тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері негізінде Жарма ауданының командасы II орын иеленіп, «Ең үздік олимпиадалық команда - 2025» атағы берілді.