Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру болып табылады.
2024 жылға аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлеуге барлығы 110,9 млн. теңге бөлініп, оның ішінде облыстық бюджеттен – 94,7 млн. теңге, аудандық бюджеттен – 16,2 млн. теңге қарастырылған.
Есепті кезеңде атаулы әлеуметтік көмек 902 алушысы бар 176 отбасыға барлығы 110,9 млн. (100%) теңге көлемінде төленіп, оның ішінде облыстық бюджеттен – 94,7 млн.теңге (100%) және аудандық бюджеттен 16,2 млн.теңге (100%) қаражат игерілді.
Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген ережеге сәйкес:
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай басқа мемлекеттердің аумағындағы (Ауғанстанда, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Таулы Қарабақта) ұрыс қимылдарына қатысушы 82 ардагерге 14,6 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағын алған 662 анаға, төрт және одан да көп балалы 929 анаға 15,0 мың теңгеден 23,9 млн.теңге біржолғы көмек төленді.
Жеңіс мерекесіне орай, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдардың қайта некеге тұрмаған 5 жесіріне 150,0 мың теңгеден жалпы сомасы 750,0 мың теңгеге, марапатталған 1 тыл еңбеккеріне - 150,0 мың теңге және медальдардармен, ордендермен марапатталмаған 146 тыл еңбеккерлеріне 70,0 мың.теңгеден– 10,2 млн. теңге төленді.
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан 23 адамның әрқайсысына 150,0 мың теңгеден 3,4 млн.теңге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген 93 адамға 9,3 млн.теңге төленді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өтініштері бойынша 153 азаматқа (отбасына) 15,3 млн.теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.
Амбулаториялық емделіп жатқан туберкулез ауруымен ауыратын 26 адамға 2,7 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт, ветеринария саласының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ретінде 1834 адамға 81,2 млн.теңге аудандық бюджеттен қарастырылған.
Жарма ауданы бойынша шипажайға 141 адам, оның ішінде басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зейнеткерлік жасқа толған санатындағы адамдар жолданылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 143 баланы тәрбиелеп отырған адамдарға жалпы сомасы 2,1 млн. теңгеге әрқайсысы 15000 теңгеден, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар 104 адамға әрқайсысына 15000 теңгеден жалпы сомасы 1,6 млн. теңгеден төленді.
Тәуелсіздік күніне орай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының 29 адамға әрқайсысына 25,0 мың теңгеден 725,0 мың теңге, сондай-ақ Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерде болған тұлғалар 2 адамға әрқайсысына 200,0 мың теңгеден төленді.
2024 жылдың 31 желтоқсанға аудан бойынша мүгедектер саны – 987 адам, оның ішінде 1,2 - топтардағы мүгедектер саны - 496 адам, 3-топтағы мүгедектер саны - 384 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны-107 адамды құрайды.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен – 93,3 млн.теңге бөлініп, 123 адам протездік-ортопедиялық бұйымымен, 17 адам кресло-арбашасымен, 18 адам тифлоқұралдармен, 20 адам сурдоқұралдармен, 53 адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайда демалды. Сонымен қатар гигиеналық құрал-жабдықтармен 93 адам қамтылды.
Үйде оқытылатын 28 мүмкіншілігі шектеулі балаға жергілікті бюджеттен 8,0 млн.тенге бөлініп, материалдық көмек ретінде 4,2 млн.теңге төленді.
Аудан бойынша жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарда жеке көмекшінің қызметіне барлығы 42 адамға 67,0 млн.теңге төленді.
Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тұрғын-үй сертификаттарын тағайындауда 1 көпбалалы отбасына 1,3 млн.теңгенің сертификаты табысталды.
Арнаулы әлеуметтік қызметпен «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі аудан бойынша 8 түрлі қажетті әлеуметтік қызметтерді ұсыну арқылы жан-жақты 322 қызмет алушыны қамтыған, оның ішінде:
Үй жағдайында барлығы – 266 адам, оның ішінде қарттар 223, 18 жастан жоғары мүгедектігі бар адамдар – 30, балалар - 13;
Жартылай стационарлық күндізгі болу бөлімшесінде 56 адам қызмет алушы, оның ішінде Қалбатау ауылында – 25; Шар қаласы бойынша - 13, Ауезов кентінде - 9, Жаңғызтөбе кенті - 9.
Штаттық кестеге сәйкес орталықта барлығы 92 қызметкер, оның ішінде әлеуметтік қызметкерлер – 48.
Орталыққа 2023 жылы 23,5 млн.теңгеге және Шар қаласындағы жартылай стационардағы бөлімшесіне 2024 жылы 25,0 млн.теңгеге мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жабдықталған автокөлігі облыстық бюджет есебінен сатып алынып, Қалбатау, Қапай-Батыр, Жаңаөзен және Шар қаласының қызмет алушылары тасымалдануда.
Мүгедектігі бар адамдармен жалғызбасты қарт адамдарға орталық әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-еңбектік, әлеуметтік – мәдени, құқықтық, медециналық қызмет түрлерін жоспарлы түрде көрсетеді.
Ағымдағы жылы қысқа мерзімдік курстарға 30 адам жолдау жоспарланған. «Ауыл шаруашылығы тракторының жүргізушісі» мамандығына 12 адам, «Бу және су қазандығының машинисі» мамандығын 18 адам аяқтап, барлығы жұмысқа орналасты. Жоспар 100 % орындалды.
Жастар практикасына 2024 жылы 47 адам жолдау жоспарланған, 47 адам жастар практикасына жолданып, жоспар 100 % орындалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау 2024 жылға жоспар бойынша 40 адамды құрайды. Барлығы 40 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, жоспар 100 % орындалды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2024 жылға жоспар бойынша 206 адамды жолдау жоспарланған. Барлығы 221 адам жолданып, жоспар 107,3 % орындалды.
Алғашқы жұмыс орны жобасы 2024 жылға жоспар бойынша 19 адамды құрайды. 19 адам жолданып, жоспар 100 % орындалды.
Күміс жас жобасына 2024 жылға жоспар бойынша 57 адамды құрайды. 59 адам жолданып, жоспар 103,5 % орындалды.
2024 жылға ұрпақтар келісім шарты жобасы бойынша жоспар 2 адамды құрайды. Барлығы 2 адам жолданып, жоспар 100,0 % орындалды.
Арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орын жобасына 2024 жылы жоспар 1 орын, аудан бойынша бір адам жолданып, жоспар 100 % орындалды.
2024 жылы аудан бойынша тоқсан сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Ол 2 және 3 тоқсанда Шар қаласында. 1 және 4 тоқсанда Қалбатау ауылдық окургінде өтті.
Бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ай сайын әр округ, кенттерде жоспар бойынша тұрақты өткізілді.
2024 жылға Жарма ауданы бойынша «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару» қағидасы аясында ауданымызға қоныс аударушылардан - 48 адамды көшіру жоспарланған қазіргі күні – 18 отбасы 56 адам көшіп келді, ол 116,6% құрайды. қандастардан - 30 адамды көшіру квотасы бекітілген қазіргі күні - 8 отбасы 30 адам көшіп келіп, жоспар 100% орындалды.
Көшуге материалдық көмек мөлшері – 70 АЕК, (258 440 теңге). Ауылды жерде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарының мөлшері отбасы құрамына сәйкес: құрамында 1 адам болса – 15 АЕК (55380 теңге), құрамында 2-4 адам болса – 18 АЕК (66456 теңге) құрамында 5 және одан көп адам болса – 21 АЕК (77532 теңге). Ұтқырлық сертификаты 1160 АЕК – (4 282 720 теңге).
Көшіп келген қоныс аударушылар мен қандастарға көшу шығыны ретінде 25 отбасы 85 адамға, тұрғын үйді жалдап алып тұрғаны үшін 12 отбасы 36 адамға, тұрғын үй алу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы 17 отбасы 53 адамға үй алғанға үйдің 50 % төленіп, қазіргі күні тұрғын үймен толық қамтамасыз етіліп отыр.
Жарма ауданы бойынша 2024 жылға бекітілген квота толық орындалды.
12. Жастарға шағын несие 2024 жылы 20 адамға беру жоспарланған. Қаржыландыру басталмағандықтан аудан бойынша кредит алғандар жоқ.