Баспанаға мұқтаж азаматтарды тіркеу және кезекке қою қағидалары туралы

Баспанаға мұқтаж азаматтарды тіркеу және кезекке қою

қағидалары туралы

 

 

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жолдайды немесе тікелей Kezekte.kz интернет-ресурсына, «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорынан тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу құқығын есепке алу немесе тұрғын үйді жалға алу құқығын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Kezekte.kz интернет-ресурсына

         Белгілі бір елді мекенде тұрақты тұратын (тұрғылықты мерзіміне қарамастан) және мыналарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары: коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде:

 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

 2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

 3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, көп балалы отбасылар. Азаматтардың көрсетілген санаттарының жиынтық орташа айлық табысы тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейінгі соңғы он екі айдағы отбасының әрбір мүшесі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен кем болуға тиіс;

 4) Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген, отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейінгі соңғы он екі айдағы жиынтық орташа айлық табысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаржылық есеп айырысу мөлшерінен 3.1 есе кем болған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары (толық емес отбасы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасы, 1,2 топ мүгедектігі бар азаматтар). Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген коэффициенті мүгедек балаларға қолданылмайды;

 5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар;

 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жалғыз тұрғын үйi апатты тұрғын үй деп танылған азаматтарға.

Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалалар мен астанада тіркеу үшін кемінде үш жыл тұрақты тұру қажет.

Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қою туралы хабарламаны беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қаралады.

Тіркеуден бас тартылады егер:

- тұрғын үйі апатты деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.

- азаматтың соңғы бес жыл ішінде тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлату нәтижесінде мұқтаж болғаны анықталса, олар:

 1) тұрғын үй-жайларды айырбастау;

 2) Қазақстан Республикасының сол немесе өзге елді мекенінде орналасқанына қарамастан өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару (сатып алу, сату, сыйға тарту)

 3) оның кiнәсiнен тұрғын үйдiң қирауы немесе бүлiнуi;

 4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қажет етпеген тұрғын үйді тастап кету;

 5) жұбайын, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларын, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-анасын қоспағанда, басқа адамдардың қоныстануы.

 

Дата публикации
13 февраля 2025