2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында өндірілген өнім, жұмыстар мен қызметтердің көлемі 595 406,0 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес деңгейінен 116 483,0 млн. теңгеге немесе 24,3 пайызға артты (2023 жылы – 478 923,0 млн. теңге).
Жалпы өнімде құрылым бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісіне – 67,0 пайыз, ауыл шаруашылығының жалпы өніміне – 7,0 пайыз, инвестиция түсіміне – 11,6 пайыз, бөлшек тауар айналымының көлеміне – 5,8 пайыз, көтерме сауда көлеміне – 0,5 пайыз, құрылыс жұмыстарына – 8,1 пайыз тиесілі.