Жарма ауданы бойынша 2024 жылы қаралған арыз, өтініштер бойынша ақпарат
2024 жылы Жарма ауданының мемлекеттік органдарына – 1069 жолданым түскен. Онын ішінде аудан әкімі аппаратымен қаралған өтініштер саны - 372, ауылдық округ әкімдіктерінде қаралған өтініштер - 464 , дербес бөлімдерде қаралған өтініштер саны – 209 және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаралғандар саны – 24.
2024 жылы Жарма ауданының әкімі және орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері тарапынан 100 мәрте жеке қабылдаулар жүргізіліп, барлығы – 229 адам қабылданған .
Түскен өтініштердің басым көпшілігі жер және жерді пайдалану, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, ауыл-шаруашылық мәселелерін қамтиды.