2022 жылғы 27 наурызда Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

2022 жылғы 27 наурызда Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жарма аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жарық сайлау округі

 

Жарық ауылдық окргуі әкімінің сайлауы бойынша:

Жарық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 491 сайлаушы енгізілді, оның 452-сі дауыс берді.

Жарық ауылдық округі әкімі болып Оспанов Руслан Айдарханұлы сайланды. Р.Оспанов 1990 жылы туған, «Жарма ауданы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де ассистент  қызметін атқарып келді.  «AMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

Жарма аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 28 наурызындағы шешімімен Жарма ауданы  Жарық ауылдық округінің әкімі болып 2022 жылғы 27 наурызында сайланған Руслан Айдарханұлы Оспанов тіркелді.                                  

Аудандық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 27 наурызда Жарма ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті
Дата публикации
28 марта 2022