2022 жылғы қаңтар-ақпандағы Жарма ауданы бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 892 137 мын.теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағалармен 1,5%-ға артты. Сатудың негізгі үлесі (75,7%) жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың еншісіне тиесілі. Бөлшек сауда тауар айналымының көлеміндегі шағын кәсіпорындардың (саны 100 адамға дейінгі) үлес салмағы 78,3%-ды, орта кәсіпорындар (101-250 адам)-3,3%-ды, ірі кәсіпорындар (250 адамнан асатын)-18,4%-ды.