Суықбұлақ кентінің әлеуметтік -экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы кент әкімі Аждар Юсуповтың есепті баяндамасының тезисі

Жалпы елдің ұзақ мерзімді дамуына жол нұсқаушы ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, «Цифрлық Қазақстан» сияқты бағдарламалар бар. Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы сайлауалды бағдарламасында Үшінші модернизацияны іске асыруға, алдағы жұмыста Бес институционалдық реформа мен Ұлт Жоспарын басты назарда ұстайтынын айтты. Соған сәйкес ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында негізінен әлеуметтік мәселелерге, мемлекеттік басқару саласындағы проблемаларға, саяси реформа жүргізу қажеттілігіне көңіл бөлген. 2021 жылғы 3 қырқүйектегіндегі  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдау Президенттің алдыңғы реформаларды ары қарай жалғастыру, жетілдіру және проблемаларды шешу бағытына арналды.Жоғарыда көрсетілген стратегияық жобалардың негізінде Суықбұлақ кентінде азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде іске асырылуда.

Суықбұлақ кентінің әлеуметтік -экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы кент әкімі Аждар Юсуповтың есепті баяндамасының тезисі
Дата публикации
07 января 2022