Бірлікшіл ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі Дулат Келеновтің есепті баяндамасының тезисі

Бірлікшіл аулыдық округінің орталығы – Сұлусары ауылы  облыс орталығынан 80 шақырым, аудан орталығы – Қалбатау ауылынан  30 шақырым қашықтықта, Жаңғызтөбе станциясынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалпы жер көлемі 56 196 гектар . 2 елді мекен: Сұлусары, Шымылдық ауылдары, барлығы 113 аулада  456 адам тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі  95,6 % -қазақтар, 4,4 %-орыстар  өкілдері. Өткен жылы дүниеге келген сәбилер саны- 4, дүниеден озған адамдар саны - 1.  Сұлусары ауылында  95 жанұяда 411 адам, Шымылдықта 18 жанұяда 45 адам тұрады. Ауылдарымызда 38 зейнеткер, 17 адам мүгедектік және басқа әлеуметтік көмектер алады. Еңбек жасындағы 224 адамдардың   141-сы  мектептерде, шаруа қожалықтарында, мекемелерде еңбек етеді,  5 адам шет жақта жұмыс істейді.

Бірлікшіл ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі Дулат Келеновтің есепті баяндамасының тезисі
Дата публикации
07 января 2022