ЭƏШБЕА БҚ-да əр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбаларын енгізу үшін бес жыл мерзімге есептелген мынадай дəптерлер арналады: осы Əдіснаманың 1-қосымшасына сəйкес үй шаруашылықтарының есепке алу дəптері; осы Əдіснаманың 2-қосымшасына сəйкес ШФҚ есепке алу дəптері. Жұмыс дəптерлері кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдері үй шаруашылықтары, ШФҚ аралау кезінде мəліметтерді одан əрі ЭƏШБЕА БҚ-ға ауыстыру үшін көмекші құрал ретінде пайдалануына арналған. Бес жылдық мерзім аяқталған соң кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі дəптерлерге қажеттілігін айқындайды жəне бес жылдық мерзім өткеннен кейін 1 ақпанына дейінгі мерзімде қажетті дəптерлердің саны туралы ақпаратты уəкілеттіорганның ведомствосына ұсынады.