Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы

Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық  дамуының

2026 жылғы 1 жартыжылдығының қорытындысы

 

Өнеркәсіптік өндірісте өнім 404 256,8 млн. теңгені құрап,                        2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 80 824,0 млн. теңгеге немесе 25,0%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 323 432,8 млн. теңге), нақты көлем индексі – 93,8%.

Жоспар тапсырма: 373 560,7 млн. теңге, нақты – 404 256,8 млн. теңге. Орындалуы – 108,2%.

 

Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде  381 076,8 млн. теңгені құрайтын өнім өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес деңгейінен 76 113,5 млн. теңгеге немесе               25,0%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 304 963,4 млн. теңге), нақты көлем индексі – 92,0%.

Жоспар тапсырма: 351 057,2 млн. теңге, нақты – 381 076,8 млн. теңге. Орындалуы – 108,6%.

 

Өңдеу өнеркәсібінде тауар өнімдерінің және көрсетілген қызметтерінің көлемі 19 140,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 558,2 млн. теңгеге немесе 22,8%-ға артты                (2025 жылғы 6 ай – 15 582,3 млн. теңге), нақты көлем индексі – 120,0%.

Жоспар тапсырма: 19 792,3 млн. теңге, нақты – 19 140,5 млн. теңге. Орындалуы – 96,7%.

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 15 068,5 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 3 863,5 млн. теңгеге немесе 34,5%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 11 205,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 103,6%.

Жоспар тапсырма: 12 325,5 млн. теңге, нақты – 15 068,5 млн. теңге. Орындалуы – 122,3%.

Ірі қара мал басының саны 105 899 басты құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейіне өсу қарқыны 122,7%-ды құрады (+ 19 601 бас, 2025 жылғы 6 ай – 86 298 бас).

Қой мен ешкі саны 265 579 басты құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 115,3%-ды құрады (+ 35 205 бас, 2025 жылғы 6 ай – 230 374 бас).

Жылқы басы 60 881 басты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 120,3%-ды құрады (+ 10 261 бас, 2025 жылғы 6 ай – 50 620 бас).

5 485,7 тонна ет өндіріліп өткен жылдың сәйкес деңгейінен 309,9 тоннаға немесе 6,0%-ға артты,  сүт өнімі 14 831,1 тоннаны немесе 100,7%-ды құрады, жұмыртқа алу 1 900,6 мың дананы құрап, 9,1 мың данаға немесе 0,5%-ға артты.

Негізгі капиталдағы нвестицияның көлемі 15 566,6 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 638,9 млн. теңгеге немесе 4,3%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 14 927,7 млн. теңге), нақты көлем индексі – 99,4%.

Жоспар тапсырма: 24 576,7 млн. теңге, нақты – 15 566,6 млн. теңге. Орындалуы – 63,3%. Жеткізілген жоспар -  тапсырма аса жоғары.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 681,5 млн. теңгені құрап,                 2025 жылдың сәйкес деңгейінен 1 012,3 млн. теңгеге немесе 8,7%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 11 669,2 млн. теңге). НКИ – 102,1%.

Жоспар тапсырма: 12 000,0 млн. теңге, нақты – 12 681,5 млн. теңге. Орындалуы – 105,7%.

 

4 010 шаршы метр тұрғын - үй іске қосылып, 2025 жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 115,4%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай – 3 476 ш. м.), тұрғын – үй салушылар есебінен 802,2 млн. теңге жеке инвестиция тартылды (орта есеппен 1 шаршы метрі - 220,0 мың теңге).

Жоспар тапсырма: 3 248 шаршы метр, нақты - 4 010 шаршы метр. Орындалуы - 123,5%.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 13 529,9 млн. теңгені құрап,  өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 176,4 млн. теңгеге немесе 19,2%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 11 353,5 млн. теңге), НКИ – 107,7%.

Жоспар тапсырма: 12 857,4 млн. теңге, нақты – 13 529,9 млн. теңге. Орындалуы – 105,2%.

 

Көтерме сауда көлемі 3 740,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны - 86,1%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай –                4 341,3 млн. теңге), нақты көлем индексі – 77,7%

Жоспар тапсырма: 4 914,4 млн. теңге, нақты – 3 740,0 млн. теңге. Орындалуы – 76,1%.

 

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары                    2 192 бірлікті, өсу қарқыны - 92,6%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай –                    2 367 бірлік).

Жоспар тапсырма: 2 392 бірлік, нақты – 2 192 бірлік. Орындалуы – 91,6%. *Жоспар – тапсырма аса көтеріңкі.

 

Меншік кірістерінің көлемі 3 296,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 76,3%-ды құрады (2025 жылғы 6 ай –                4 323,0 млн. теңге).

Оның ішінде 4-ші деңгейлі бюджетке түскен салықтар көлемі                     444,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 72,0 млн. теңгеге немесе 19,3%-ға артты (2025 жылғы 6 ай – 372,2 млн. теңге).

 

 

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                                                Н. Сейтказина

 

 

Орын: М. Аккулова

 

Дата публикации
30 июля 2026