
1995 жылдың 12 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.
2018-2022 жылдары аралығында Жарма ауданы “Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-нің жетекші маманы.
2022-2023 жылдары аралығында Жарма ауданы “Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы.
2023-2024 жылдары аралығында “Абай облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты” ММ-нің Кеңсе және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы.
2024 жылғы 17 қыркүйектен 2025 жылғы 14 сәуірге дейін өңірлік кадр резервінің ішінен "Абай облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты"ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2025 жылғы 15 сәуірден бастап өңірлік кадр резервінің ішінен "Абай облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты"ММ мемлекеттік қызметтер Кеңсесі және мониторингі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.