GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
24 июня 2026
«Абай облысының қаржы басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес "Абай облысының қаржы басқармасы" ММ жұмыс тобы 2026 жылы 25 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін болады.

08 июля 2025
«Абай облысының қаржы басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы

2025 жылғы 16 шілдеде сағат 16:00-де жұмыс тобы Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8-үй, 313-кабинет мекенжайы бойынша «Абай облысының қаржы басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылайтын болады.

03 июня 2025
«Абай облысының қаржы басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес "Абай облысының қаржы басқармасы" ММ жұмыс тобы 2025 жылы 22 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін болады.

28 апреля 2025
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне қол қойды
Кодекстің бірінші блогы мемлекеттік қаржы туралы ережелерге сай салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға бағытталған.

Екінші блок мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджет процесін оңтайландырды. Бюджет процестерінің мерзімдері мен кезеңдері қысқартылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін едәуір кеңейту есебінен блоктық бюджет элементтері енгізілді.

Мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарлама шығыстарының 15 пайызы көлеміндегі қаражатты дербес басқару құқығы берілді. Мемлекеттік органдар биыл жұмсалмаған бюджет қаржысын келесі жылдың қаңтар айынан бастап пайдалана алады. Бұл шығыстарды үздіксіз қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Үшінші блок парламенттік бақылауды күшейтуге арналған. Мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін, үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органдар борышын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыз лимитін Парламент қарастырып, бюджет туралы заңмен бекітеді.

Төртінші блок бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау сапасын арттыру және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды көздейді. Кодексте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты мемлекеттік дивиденд саясатының негізгі ережелері белгіленген.

Бесінші блок жинақ функциясына баса назар аудара отырып, Ұлттық қорды пайдалану шарттарын белгілейді. Ұлттық қорды пайдалану Президент бекіткен мақсатты бағдарлармен шектеледі. Қордың қаражатын ішкі қаржы құралдарына салуға рұқсат етілмейді. Бұл ақшаны бюджеттен тыс пайдалануға жол бермейді. Ұлттық қордың нысаналы трансферті тек жалпыхалықтық маңызы бар нысандар мен жобаларды қаржыландыруға ғана пайдаланылады. Ол үшін тиісті критерийлер енгізілді.

Алтыншы блок квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын қоса алғанда, мемлекеттің қарыз саясатына бақылауды кеңейтуге бағытталды.

Уәкілетті органдар мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелеріне болжау, мониторинг және бағалау жүргізу шараларын жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борыш лимиті республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Түзетулердің жетінші блогы бюджетаралық қатынастарды жетілдіре түсті. Азаматтарды бюджет қаражатын бөлу процесіне белсенді тарту үшін халық қатысатын бюджет тәртібі заңнамалық негізде бекітілген.

17 октября 2024
Сақ болыңыздар: алаяқтар «Халық заңгері» республикалық акциясының атауын пайдалануда

Алаяқтар жалған бейнероликтерді интернетте таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастыруға ұмтылуда. Жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттеуде.

Бейнежазбалар монтаждық кадрлардан құралып, жалған дыбыспен сүйемелденген.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Бұл азаматтық қоғамды дамытуда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және халыққа заңгерлік көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Айта кету керек, «Халық заңгері» республикалық акциясы тек офлайн форматта өткізіледі.

Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз.Осындай қоңыраулар мен таратылымдарды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.

04 октября 2024
Заң бұзушылықтарға, көрсетілетін қызметті берушінің әрекетсіздігіне тап болған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментіне жүгіне аласыздар

Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды. Заң бұзушылықтарға, көрсетілетін қызметті берушінің әрекетсіздігіне тап болған жағдайда Департаментке жүгіне аласыздар.

17 мая 2024
Басқарма қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін алдын ала талқылауды өткізу туралы

2024 жылғы 17 мамырда Басқарманың жұмыс тобы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін алдын ала талқылауды жүргізді.

13 мая 2024
«Абай облысының қаржы басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы

2024 жылғы 17 мамырда сағат 16:00-де жұмыс тобы Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8-үй, 27-кабинет мекенжайы бойынша «Абай облысының қаржы басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылайтын болады.

06 марта 2024
"Абай облысының қаржы басқармасы"ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес "Абай облысының қаржы басқармасы" ММ жұмыс тобы 2024 жылы 26 наурыздан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін болады.

16 декабря 2023
16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті Қазақстандықтар!

 

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркею жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы