Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖC) экономикалық дамуға инвестицияларды тартудың маңызды құралы болып табылады.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік - бұл мемлекеттік серіктес пен жекеше серіктестің келесі сипаттамаларына сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік серіктес пен жеке серіктестің арасындағы қатынастарды құру;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамаларына байланысты бес жылдан отыз жылға дейін);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мемлекеттік серіктес пен жеке серіктестің бірлесіп қатысуы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік серіктес пен жеке серіктестің ресурстарын біріктіру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жеке серіктестің инвестициялары.