GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Газбен жабдықтау
28 сентября 2026
2026 жылғы 25 қыркүйекте Абай облысында сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

2026 жылғы 25 қыркүйекте Абай облысында сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 2026 жылғы 4 тоқсанға: қазанға – 3048 тонна, қарашаға – 2986 тонна және Декарбіге – ПМХЗ-дан (Павлодар қ.) 3087 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Облысқа бөлінген жалпы көлемі - 9121 тоннаны құрады.

Сумен жабдықтау және су бұру
20 августа 2026
Өңірлерді дамыту жөніндегі ұлттық, жоба аясында Мемлекет басшысы қалалар мен ауылдарды 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңірлерді дамыту жөніндегі ұлттық, жоба
аясында Мемлекет басшысы қалалар мен ауылдарды 100
пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бугін облысымыздың, қалалары мен елді мекендерінде іске
асырылып жатқан сумен жабдықтау жобалары бойынша
кеңес өткіздім. Кеңеске қалалар мен аудандардың
әкімдері мен әкім орынбасарлары шақырылды.
Кеңес барысында аяқталмаған жобаларға қатысты
мәселелер, атап айтқанда іске қосу-баптау жұмыстары,
абаттандыру және соңғыларды байлау жұмыстары
талқыланды. Тапсырыс берушілерге (қалалар мен
аудандардың, әкімдіктерінің) жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяктау жөнінде тапсырмалар берілді.

Энергетика, жылумен жабдықтау
20 августа 2026
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Абай облысындағы жылу нысандарын тексерді

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек
Маржықпаев Абай облысындағы жылу нысандарын
тексерді

Ермек Маржықпаев Абай облысында жылу
инфрақұрылымына қатысты бірқатар нысанды аралады.
Ол «Орталық», Ғаббасов қазандықтарын, сондай-ақ
жуырда апат болған жылу желісінің, учаскесін қарап шықты. Сондай-ақ нысандардың, техникалық, жай-куйі
және қалпына келтіру жұмыстарының, барысымен
Танысты.

Кездесу кезінде қазандық, басшылығы мен жергілікті атқарушы органдардың, өкілдері жылу жүйелерінің, қазіргі жағдайы , апаттың, себептері, жөндеу жұмыстарының, мерзімі, жабдықтардың, тозу деңгейі және тұрғындарды
жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қабылданып
жатқан шаралар туралы баяндады.

Сумен жабдықтау және су бұру
20 августа 2026
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін іске асыру барысы

Премьер-министрдін кеңесшісі Ермек
Маржықпаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді.

Премьер-министрдің кеңесшісі Семей қаласының, аудандарындағы су жүйесін тарту жұмыстарының,
барысын қарап шықты. Бобровка және Нахаловка
кенттерінде, сондай-ақ Дзержинец мен Березовский елді мекендерін аралады.Сонымен қатар Абай облысының,
энергетика және тұрғын үй- коммуналдық, шаруашылық
басқармасының, басшысы Раджан Сейткановпен және
Семей каласы әкімінің , орынбасары Бақтияр Топаевпен бірге атқарылып жатқан жұмыстардың, барысымен және
нысандардың қазіргі жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, делегация Жаңасемей ауданының , Талица ауылындағы және Бесқарағай ауданының Глуховка мен
Мостик ауылдарындағы су құбыры желілерінің құрылысын да көріп шықты.

Сапар барысында Премьер-министрдің кенесшісі бірқатар нақты тапсырмалар беріп, нсандарды уақтылы
пайдалануға беру мен құрылыс сапасының, маңыздылығын
атап өтті.

Энергетика, жылумен жабдықтау
31 июля 2026
✅Семейде бірқатар жылу нысандарының жұмысы тексерілді

✅Семейде бірқатар жылу нысандарының жұмысы тексерілді

Ауа райының суытуына байланысты Семей қаласындағы жылу нысандарының жұмысына тексеру жүргізілді. Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов «103–103А» жылу қазандығына барды.                                                                              Қазіргі таңда аталған нысан штаттық режимде тұрақты жұмыс істеп тұр.                                                                                          Сондай-ақ Семей қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Топаев ЖЭО-1 және «Ғаббасов» жылу нысандарын аралады. Кәсіпорындарда төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ақауларды жедел жоюды қамтамасыз ететін авариялық-қалпына келтіру бригадалары жұмыс істейді.                                                                                                                                                          Халықтан келіп түскен өтініштер мен шағымдар жедел тәртіппен қаралып, анықталған кемшіліктер уақытылы жойылуда.            Еске сала кетейік, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес 2025 жылдың 29 қыркүйегінде басталды.

31 июля 2026
Абай облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының атқарылған жұмыстары туралы

🔼 Абай облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының атқарылған жұмыстары туралы

Сумен жабдықтау және су бұру
31 июля 2026
✅ Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында

✅ Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында: бес жыл ішінде еліміздегі барлық қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойған болатын. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл тапсырма республика бойынша толық орындалды – еліміздегі барлық 90 қала мен 6 мыңнан астам ауылдық елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды.

❓ Бұл міндет Абай облысында қалай жүзеге асырылып жатыр?

Энергетика, жылумен жабдықтау
Сумен жабдықтау және су бұру
31 июля 2026
Қарағайлы шағын ауданындағы түтін мәселесі тұрғындарды алаңдатуда

 

Қарағайлы шағын ауданында түтін мәселесі тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды.

🔻Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.К. Сейтканов Қарағайлы шағынауданының тұрғынын жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын.

🔸Жеке қабылдау барысында Семей қаласы, Қарағайлы шағынауданы, 50-үй мекенжайында тұратын ОСИ төрағасы Бабжанов О.А. қазандық, ыстық сумен қамтамасыз ету және жылу энергиясына тариф қалыптастыру мәселесін көтерді.

🔻Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, нақты шаралар қабылдау үшін «Теплокоммунэнерго» МКК-ға ұсыныстар енгізуді тапсырды.

🔸Жеке қабылдаудан кейін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Б. Әділбеков «Теплокоммунэнерго» МКК өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Ж.А. Қакибаевпен, абоненттік бөлімнің бастығы Г.Б. Джеспысбаева және жылу инспекциясы бөлімінің бастығы Е.С. Раймжановпен бірлесіп, оқиға орнына шығып, аудан тұрғындарымен кездесті және олардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

31 декабря 2025
2026 жылғы бірінші тоқсанға Абай облысы бойынша тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу.

2026 жылғы бірінші тоқсанға Абай облысы бойынша тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу

2025 жылғы 22 қарашада Комиссия отырысында 2026 жылғы бірінші тоқсанға Абай облысы бойынша тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жүргізілді. Бекітілген бөлу жобасы өндіруші зауытқа (Павлодар мұнай-химия зауыты) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жолданды. Отырыс хаттамасының, жиынтық өтінімнің және көлемдерді айқындау тетігінің көшірмелері қоса беріледі. 2026 жылғы бірінші тоқсанға бөлінген сұйытылған мұнай газы көлемдерін Абай облысының сұйытылған мұнай газын өткізушілері арасында бөлу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығымен бекітілген Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылды.«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабының 5-тармағына және Қағидалардың 3-тармағына сәйкес тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізілген тұлғалар ие болады. Аталған Заң мен Қағидалардың талаптарын басшылыққа ала отырып, Абай облысы үшін сұйытылған мұнай газының көлемдері өтінім беру сәтінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізілімінде тұрған және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында 2025 жылғы 1 желтоқсанда жарияланған тізілімге енгізілген өтініш берушілер арасында бөлінді.

05 ноября 2025
Абай облысында жылу желісін қайта жаңғыртуға арналған 14 жоба әзірленді

Абай облысында жылу желісін қайта жаңғыртуға арналған 14 жоба әзірленді


Бүгінде Абай облысында орталықтандырылған жылумен қамту жүйесіне 3 қала мен 5 ауданның елді мекендері қосылған. Бұл аумақтарда 46 жылу көзі мен 183 қазандық агрегаты жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов кеңінен тарқатты.

- Жылыту маусымы облыста 29 қыркүйекте басталды, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда ертерек. Семей қаласындағы 12 жылу көзінде қазандықтар мен жабдықтар жаңартылып, түтінсорғыштар, сорғылар және басқа да энергия тиімді элементтер ауыстырылды. Нәтижесінде 13,6 км тозған жылу желісі толық жаңғыртылды, – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Аягөз қаласында қуаттылығы жоғары үш жаңа қазандық орнатылып, жылу энергиясының профициті 17,7 Гкал/сағ деңгейіне жетті. Сондай-ақ 2,2 км жаңа жылу желісі тартылып, 3,9 км ескі желі ауыстырылды. Жоба 2026 жылға қарай 1000-нан астам тұрғынды орталық жылумен қамтуға мүмкіндік береді.

- Курчатов қаласы мен бірнеше ауданда 9 жылу көзі мен 4 км желіге жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде облыста жылу желілерінің тозу деңгейі 59,3%-дан 55,6%-ға, Семей қаласында 61,5%-дан 58,2%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, Семейде ұзындығы 23,8 км жылу желісін қайта жаңғыртуға арналған 14 жоба әзірленді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Серік Төлепбергеновтың айтуынша, экологиялық қауіпсіздікті арттыру мақсатында «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтардың күл шығару жүйелеріне автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу жобасын әзірледі. Ол ЖЭО-1, РК-1, Ғаббасов және Орталық қазандықтарында орнатылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы