Меню

Страницы

Статья

Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау

Жалпы, Абай облысы бойынша бүгінгі күні 66 елді мекен (51 407 адамды қамти отырып) топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша субсидияланады. Аталған елді мекендерге табиғи монополияның 7 субъектісі қызмет көрсетеді:
Сумен жабдықтаудың топтық жүйелері - "Қазсушар" ШҚФ Бородулиха ауданы (2024 жылғы желтоқсанда сумен жабдықтау объектілері "Белағаш топтық су құбыры" КМК балансына берілді), "Қалалық су шаруашылығы"КМК Жарма ауданы.
Жергілікті сумен жабдықтау жүйелері – "СУ" МКК Аягөз ауданы, "Белағаш топтық су құбыры" КМК Бородулиха ауданы, "Жарма-Су" КМК Жарма ауданы, "Ақсуат" МКК Ақсуат ауданы, "РИЗА"КМК Абай ауданы.
Берілген ауыз судың субсидияланатын көлемі 1847,463 мың м3 құрады, оның ішінде: топтық сумен жабдықтау жүйелері – 679,2 мың м3, жергілікті сумен жабдықтау жүйелері – 1168,3 мың м3.
Абай с ПУ облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшеріне сәйкес 85 теңге/м3, ПУ-сыз 100 теңге/м3 құрайды.
2024 жылы 365 800,0 мың теңге төленді. Субсидиялар Сумен жабдықтау ұйымдарына елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік су тұтыну шегінде субсидиялауды ескере отырып, бекітілген тарифтер бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен су пайдаланушыларды бөлу нүктелеріне ауыз су беру бойынша нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді.
2025 жылға облыстық бюджеттен 331,3 млн. теңге қарастырылған.

Дата публикации
04 февраля 2025
Дата обновления
04 февраля 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
23 июля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша кеңестің хаттамасы
Ақпарат
03 июня 2025
«Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы
Пайдалы ақпарат
19 мая 2025
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы