Ағымдағы жылдың 25 маусымында Абай облысына сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды:
- 2025 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) жеткізу жоспарын қалыптастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жыл комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес Абай облысына бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемі – 8 126 тоннаны құрады.
- Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған Абай облысына жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін облыстың газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғыларының, газ толтыру пункттерінің және автогаз құю станцияларының иелері арасында бөлу жобасы мақұлдансын:
2025 жылғы шілдеге – ПМХЗ-нан 844 тонна, ПКОП-тан 1836 тонна:
2025 жылғы тамызға – ПМХЗ-нан 2 930 тонна:
2025 жылдың қыркүйегіне – ПМХЗ-нан 2 487 тонна.