Абай облысының елді мекендерін абаттандыру

Ағымдағы жылы Абай облысы қалалары мен аудандарының аумағындағы елді мекендерді абаттандыру шеңберінде мынадай жобалар бойынша абаттандыруды жүргізу жоспарлануда:

Семей қаласының аумағында 22 аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда халықтың қатысуы бюджеті бағдарламасы бойынша 13 жобасын (9 абаттандыру жобасы, 4 жарықтандыру жобасы) іске асыру жоспарлануда.

Курчатов қаласында демеушілік қаражат есебінен 3 балалар алаңын салу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Ақсуат ауданында 15 абаттандыру жобасын іске асыру көзделген (Ақусат ауылы-5 жоба, Қарғыба ауылы - 1 жоба, Сәтбаев ауылы-1 жоба, Сұлтал ауылы-1 жоба, Екпін ауылы-2 жоба, Кіндекті ауылы-1 жоба, Ойшілік ауылы-1 жоба., Есім ауылы – 1 жоба, Көкжыр ауылы-1 жоба, Серіктес ауылы-1 жоба).

Жарма ауданында абаттандырудың 3 жобасын іске асыру жоспарлануда

Көкпекті ауданының аумағында абаттандырудың 3 жобасын іске асыру жоспарлануда

Дата публикации
06 мая 2025