Семей қаласын жылумен жабдықтау

Семей қаласын жылумен жабдықтауды құрамында ЖЭО-1 және 19 қазандығы бар «Теплокоммунэнерго» МКК қамтамасыз етеді, оларда 89 қазандық орнатылған.Сонымен қатар, 72 ОЖП жұмыс істейді.

Жылу желілерінің ұзындығы 325,5 км, тозуы 61,5 % немесе 200,1 км.

Ағымдағы жылы Семей қаласында 0,8 км жылу желілерін салу және                       10,4 км қайта жаңарту бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.

2025 жылы 4 жобаны толық аяқтау, сондай-ақ екі жаңа жобаны іске асыру қорытындысы бойынша Семей қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы 61,5% - дан 58,1% - ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ, 2025 жылы 12 жылу көзіне ағымдағы жөндеу жүргізу және                     2,9 км ауа жылу желілерінің оқшаулауын қалпына келтіру жоспарлануда.

Дата публикации
06 мая 2025