Абай облысына өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия құру туралы

Абай облысына өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия құру туралы

 

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5 тармағының 1-3), 1-4) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1, 4-тармақтарына  сәйкес Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Абай облысына өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссия құрамы, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Абай облысына өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның ережесі, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары Д. А. Гариковке жүктелсін.

 

                                                                                                                                     Н. Ұранхаев

 

Дата публикации
29 ноября 2023