«Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне 2025 жылдың шілдесінен, 2026 жылдың маусымына дейінгі кезеңге жүргізілген талдау анықтамасы.

«Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне 2025 жылдың шілдесінен, 2026 жылдың маусымына дейінгі кезеңге жүргізілген талдау анықтамасы.

 

Семей қаласы                                                                                     «18» қыркүйек 2026 жыл

 

«Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының міндетін атқарушы Д.К. Корабаевтың 2025 жылғы 9 маусымдағы №120/2-н/қ бұйрығы негізінде Басқарманың қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оларды барынша азайту (жою).

Ішкі талдау мынадай құрамда жүргізілді:

1)Басқарма басшысының орынбасары – Д.К. Корабаев;

2)Басқарма басшысының орынбасары – К.С. Дюсенбаева;

3)Басқарманың әкімшілік-қаржылық бөлімінің басшысы – И.В. Швацкая;

4)Даму бағдарламаларын перспективалық жоспарлау бөлімінің басшысы – А.Т. Казкеева;

5)Коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы – А.Б. Адильбеков.

Осы рәсім «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы                  № 488 бұйрығымен бекітілген.

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы облыс әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 4 қаулысымен құрылды.

Басқарманың негізгі функциялары мен міндеттеріне сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау және энергия үнемдеу, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері кіреді.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Абай облысы әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың міндеттері:

1) облыстың энергетикалық кешенін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту;

2) энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару;

3) облыс аумағының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы даму жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

4) басқарманың әдеби тіл, заң терминологиясы және заң техникасы нормаларын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалығын сақтай отырып, Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз етуі.

 

Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

1) Қолданыстағы құқықтық актілерде:

 

Басқарма нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) жобаларын және Абай облысы әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулысы нысанында өзгерістер мен толықтыру енгізу, күшін жою, сондай-ақ Басқарманың нормативтік емес құқықтық актілерін қабылдау, енгізу және толықтыру, жою жөніндегі жобалардың әзірлеушісі болып табылады.

3 нормативтік құқықтық акт әзірленді, оның 3-і мемлекеттік тіркеуден өтті.

1) Ауыз су беру жөніндегі ызметтердің құны субсидиялауға жататын Абай облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы;

2) Абай облысында  ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы;

3) Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы;

Басқармамен «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талдау барысында НҚА әзірлеу, келісу, сараптау, тіркеу рәсімдері сақталған.

 

Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

 

  1. Орындалған жұмыстар мен қызметтер актілеріне қол қою кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

 

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес, газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері арасында сұйытылған мұнай газының көлемін бөлуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Бұл жерде мүдделі тұлғаларға құқыққа сыйымсыз басымдық беру түрінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануды тудыруы мүмкін сыбайлас жемқорлық факторы байқалады.

Ұсыным: Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында орындалған жұмыстар актілеріндегі мәліметтердің шынайылығы үшін комиссия мүшелерінің дербес жауаптылығы бекітілсін. Мемлекеттік сатып алу жүйесінде электрондық актілерге қол қойылғанға дейін нәтижелерді міндетті түрде тіркей отырып (фото/бейнежазба, бақылау өлшемдері), объектілерге комиссиялық шығуды қамтамасыз ету жүктелсін.

  1. Ішкі құжаттарда:

Басқармада 2025 жылғы шілде айынан 2026 жылы маусым айына  аралығында ішкі құжаттама бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ. Басқарма істер номенклатурасының жобасы әзірленіп, бекітілгені анықталды. Бұл құжатта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Басқарманың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптарында (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Бекіту кезінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары және Біліктілік талаптары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық бөлімшемен келісілді.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Басқарма ережесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Басқарманың 2025-2026 жылдарға арналған жұмыс жоспарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Еңбек шарттарында және еңбек шарттарына қосымша келісімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Ішкі құжаттарды дайындау және қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын қатаң сақтау.

белгіленген Ережемен құжаттар толық ресімделген түрде беріледі

жөнелту үшін құжаттарды қабылдайтын ОДО қызметі олардың ресімделуінің дұрыстығын, негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың болуын тексереді, дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыларға қайтарылады;

қол қойылған құжаттар тіркеледі және мекен-жайға (адресаттарға) оларға қол қойылған (бекітілген) күні немесе келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

Басқарманың құжат айналымы 2025 жылдың шілдесіне 2026 жылғы мамыр айына 4000 құжатты құрады, оның ішінде:

- 2952 кіріс хат-хабарлары;

- 1048 шығыс (орындалған) хат.

Сонымен қатар, Басқарманың қызметін талдау барысында сапа бойынша өтініштерді қарау және тиісті қарау тәртібінің сақталуына назар аударылды.

Талдау жүргізу кезінде «е-Өтініш» жүйесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша зерделенді.

Талдаумен 2025 жылы 01.07.2025-30.06.2026 аралағында қамтылған.

Жеке және заңды тұлғалардан тіркелген барлық өтініштер саны – 447.

Оның ішінде:

дубликаттар – 68; шағымданулар – 5;

Түсу көздері: пошта арқылы – 2; қолма-қол (колдан) – 20;

«Е-өтініш» АЖ – 425;

түрлері бойынша: арыз – 335; шағымдар – 25; ұсыныстар – 21; басқалары (хабарлама, сұрау салу, пікір) – 66; мемлекеттік органға (МАТ) тікелей түскендері – 147; ОМАТ (Орталық мемлекеттік орган) – 15; ведомстволық бағынысты ұйымдардан – 9; басқа ұйымдардан – 6; ЖӨО (Жергілікті атқарушы орган) – 154;

Ішінара қайта бағытталғандар:

ОМАТ-тан – 17; ҚР Тұңғыш Президентінің Кеңсесінен – 3; ЖӨО-дан – 30; ведомстволық бағынысты ұйымдардан – 1; Мемлекеттік органда қаралғаны – 167;

Қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім:

әкімшілік акт қабылданды – 97; қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 89; ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданды – 8; соның ішінде тыңдау жүргізілмегендері – 4; авторға жауап берілді – 40; тоқтатылды (ӘӘППК-нің 89; 70-баптары) – 9; қарау мерзімдері ұзартылды – 3; басқасы – 19;

Шағымданған әкімшілік актілер – 3;

соның ішінде мемлекеттік органда – 3;

Қарау үстіндегі қалдық – 11;

Қайта бағытталғаны – 274;

Оның ішінде:

ЖӨО-ға – 263;

ОМАТ-қа – 9;

басқа ұйымдарға – 1;

ведомстволық бағынысты ұйымдарға – 1;

Ішінара қайта бағытталғаны – 24;

Оның ішінде:

ОМАТ-қа – 1;

ЖӨО-ға – 23.

Басқарма басшысының бұйрығымен азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді. 2025 жылғы шілдесінен 2026 жылғы маусым айына дейін Басқарма басшысының жеке қабылдауында 9 азамат қабылданды. Сұрақтар жан-жақты қаралып, сол жерде түсіндірілді. Шағымдар – 0.

Сонымен қатар, Басқарманың қызметін талдау барысында сапа бойынша өтініштерді қарау және тиісті қарау тәртібінің сақталуына назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – ӘРПК) хабарламаға, ұсынысқа, дауысқа, сұрау салуға жауаптар мазмұны бойынша мемлекеттік тілде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, өтініш беру тілінде негізделген және дәлелді болуға, оның қабылданған шешімге шағым беру құқығын түсіндіре отырып, өтініш берушінің дәлелдерін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиіс екендігі анықталған.

Басқарманың лауазымды тұлғалары – мемлекеттік қызметшілері заңнаманың осы талабын тиісті деңгейде сақтайды. Бірақ кейбір қызметкерлердің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде мерзімдерді сақтаған кезде ӘРПК нормаларын қолдану жөнінде жеткілікті білімі жоқ екенін атап өтуге болады. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылатындықтан, мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау кезіндегі белгі, бюрократизмнің көрінісі сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтар болып табылады.

Тексерілетін кезеңде жолданған өтініштерге берілген жауаптарды зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Персоналды басқарумен байланысты:

Басқарма, басқарма басшысының екі орынбасары және 5 бөлімнен (энергетика және энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру, әкімшілік, қаржы, перспективалық жоспарлау және даму бағдарламалары бөлімдері) тұрады.

Бекітілген штат санына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 33 адам, техникалық қызметкерлер – 8 адам. Іс жүзінде мемлекеттік қызметшілер саны – 25 адам (7 бос лауазым), техникалық қызметкерлер – 7 адам (1 бос лауазым).

Оның ішінде:

- мемлекеттік қызметшілер: ер адамдар – 15, техникалық қызметкерлер – 3;

- мемлекеттік қызметшілер: әйелдер – 10, техникалық қызметкерлер – 4.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің орташа жасы – 21-53 жас.

Басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасарлары – 3; Энергетика және энергия үнемдеу бөлімінде – 1 бөлім басшысы, 5 бас маман; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде – 1 бөлім басшысы, 4 бас маман; Сумен жабдықтау және су бұру бөлімінде – 1 бөлім басшысы, 5 бас маман; Әкімшілік-қаржы бөлімде – 1 бөлім басшысы, 5 бас маман; Перспективалық жоспарлау және даму бағдарламалары бөлімінде – 1 бөлім басшысы, 1 бас маман.

2025 жылғы шілде айынан 2026 жылғы маусым айына дейін 10 қызметкер жұмыстан босатылды. Оның ішінде өз еркімен жұмыстан босатылғандар: әкімшілік-қаржы бөлімінің бас мамандары – 1 адам, энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы – 1 адам, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас мамандары – 2 адам, басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы – 2 адам, перспективалық жоспарлау және даму бағдарламалары бөлімінің бас мамандары – 2 адам. Сонымен қатар, 1 қызметкер ауысты, 1 қызметкер басқа лауазымға ауыстырылды.

Басқарма әлеуметтік желілер парақшалары жүргізіледі: Instagram – 171 жарияланым, Facebook – 171 жарияланым, Telegram – 189 жарияланым, 1020 адамды қамтиды.

Берілген деректерге сәйкес кадрлық ауысымдылықты талдау көрсеткендей, ағымдағы 12 айының - 1 қызметкер ауысқан,  жоғары тұрған лауазымға  - 1 қызметкер ауысқан (таза ауысымдылық 0), оның ішінде:

1) басқа бөлімге ауыстыру арқылы;

2) жоғары тұрған лауазымға, конкурс арқылы.

Бұл ретте, қызметкерлерді қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұза отырып, сондай-ақ теріс себептер бойынша жұмыстан шығару бойынша қандай да бір фактілер жоқ.

Тиісінше, көрсетілген кезеңде Басқарманың кадр құрамының ауысымдылығы 6%-ды құрады, оның ішінде таза ауысымдылық 0% -ды құрады.

Басқармада мүдделер қақтығысының көріністері анықталмаған.

Сондай-ақ, Басқармада бос лауазымдарға орналасуға өз бетінше конкурс жариялау бойынша функциялар жоқ, себебі бұл функция «Абай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (орталықтандырылған кадр қызметі) құзыретіне жатады.

Осыған байланысты, бос орындарға орналасуға конкурстар жариялау, бос орындарға орналасуға конкурстар өткізу рәсіміне, сондай-ақ туындайтын іс-әрекеттерге баға беру мүмкін емес.

Кадрлық құрамның ауысымдылық пайызын төмендету, білікті қызметкерлерді ұстап қалу, сондай-ақ климаттық жағдайын жақсарту мақсатында жұмысты ұтымды бөлуге, жұмыс режимі регламентін сақтауға, қайта өңдеуге жол бермеуге, кестеге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалыстарын қайтарып алмай, көзге түскен қызметкерлер мен олардың сауаттылықтарымен көтермелеуге қатысты шараларды қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет т.с.с.

Мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу, қолайлы жұмыс жағдайын жасау және кәсіби даму деңгейін арттыру үшін қызметкерлердің уәждемесін арттыру туралы мәселені қарастыру.

2025 жылдың шілде айынан 2026 жылғы маусым айына дейін тағайындалғандар саны 10 адамды құрайды, оның ішінде:

- меритократия қағидаты бойынша осы мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында – 1 адам;

- барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша – 0 адам;

- жалпы конкурстардың қорытындысы бойынша – 10 адам.

- арнайы тексерулердің нәтижелері бойынша (барлық оңтайлы) – 8.

2025 жылға мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға жоспарланған – 2 адам, оның ішінде 2 адам өтті.

Ағымдағы жылы біліктілікті арттыруға 9 адам жоспарланған, оның ішінде 0 адам өтті.

Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне жыл сайынғы ақылы демалыс беру, бекітілген демалыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. 2025 жылғы шілде айынан және ағымдағы жылдың маусым айына дейін 22 адам еңбек демалысын алды (оның ішінде 3,,,,,,, адам демалыстан кері шақырылған).

 

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға әкеп соғуы мүмкін.

Талдау жүргізу кезінде мүдделер қақтығыстары анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты:

Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты:

 

Басқармада 2 бақылау функциялары: 1) қуаттылығы сағатына 100 Гкал дейінгі жылу желілері мен қазандықтарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындауды және жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылайды; 2) өз құзыреті шегінде сұйытылған мұнай газын ішкі мұнай газына жеткізу жоспары шеңберінде іске асырылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауды жүзеге асырады Қазақстан Республикасының нарығы;

 

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзгеде мәселелерді іске асыруға байланысты:

Басқарма басшылық лауазымдардан тұрады:

D-O-1 – басқарма басшысы;

D-O-2 – басшының орынбасары;

D-O-3 – бөлім басшысы

D-O-4 – бас маман.

Басқармада тапсырманы орындау сатысы барлық бағыттар бойынша сақталады, басшы блоктың қызметшілерге қатысты этикалық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және керісінше жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілермен әңгімелесу кезінде басшы буын тарапынан және қызметкерлер арасында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері анықталған жоқ.

 

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты:

Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметі деп бюджеттің атқарылуын жоспарлау және оның есептілігі түсіндіріледі. Басқарма ҚР Бюджет кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:

001 «Жергілікті деңгейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;

032 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау»;

048 «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңарту мен салуға кредит беру»;

050 «Энергия өндіруші ұйымдардың жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін отын сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау»;

051 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту»;

054 «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер»;

103 «Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шараларды жүргізуге мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;

113 «Төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;

114 «Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері»;

116 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».

Басқарманың Жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алулардың жалпы сомасы 2025 жылы 7 478 611,18 теңгені, ал 2026 жылы 93 473 060,97 теңгені құрады.

2025 жылғы шілдесінен 2026 жылғы мамыр айына дейін бастап ашық конкурстың қорытындысы бойынша 4 шарт, баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары бойынша 9 шарт, өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 11 шарт, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден 21 шарт және негіздемелік келісімді пайдалана отырып 2 конкурс шарты жасалды және рейтингтік-баллдық жүйе арқылы 2 шарт жасасылды.

 

Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

 

  1. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптардың негізсіз көтерілуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Ұсыным: Қаржы бөлiмi басшысының және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жөніндегі маманның жауапкершiлiгi айқылдансын. Бiр көзден алу тәсiлiмен жүзеге асырылған мемлекеттiк сатып алулардың санын азайту. «Ашық бюджеттер» интернет-порталында өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыру мерзімдерін қатаң сақтау.

  1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. ҚҚС сомасына шарт құнының негізсіз ұлғаюының сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Ұсыным:  Мемлекеттік сатып алу туралы заңының және ҚР мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің талаптарын қатаң сақтау.  Жеткізушілерді ҚР Салық заңнамасының талаптарын алдын ала тексеру. Қаржы бөлімі басшысының және Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманның Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырғаны үшін жауапкершілігі айқындалсын. Бұл нақты жауапкершілік желісін орнатуға және процесті дұрыс бақылауды қамтамасыз етуге көмектеседі.

  1. Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін есептеу және конкурс жеңімпазын негізсіз анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Ұсыным: Мемлекеттік сатып алу туралы заңының және ҚР мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің талаптарын қатаң сақтау.  

  1. Орындалған жұмыстар мен қызметтер актілеріне қол қою кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Ұсыным: Мемлекеттік сатып алулар туралы заңның және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының талаптарын қатаң сақтау. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақты орындалуын, олардың көлемі мен сапасының шарт талаптарына сәйкестігін тексеру, сондай-ақ тиісті актілерге қол қою бойынша салалық жауапты мамандардың дербес жауапкершілігін айқындау. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау процесіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету.

  1. 5. Сұйытылған мұнай газын (СМГ) газбен жабдықтау субъектілері арасында бөлу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелі.

Ұсыным: Сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес сұйытылған мұнай газын бөлу туралы шешімдер қабылдау кезінде аталған қағидалардың талаптарын қатаң сақтау. Қабылданатын шешімдердің объективтілігін, ашықтығын және негізділігін, сондай-ақ СМГ көлемдерін бөлудің белгіленген өлшемшарттары мен тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Субъектілердің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүргізу. Жекелеген субъектілерге негізсіз артықшылықтар беруге жол бермеу мақсатында СМГ көлемдерін бөлу процесіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету. Бұл нақты жауапкершілік желісін орнатуға және процесті дұрыс бақылауды қамтамасыз етуге көмектеседі.

  1. Жасырын мемлекеттік қызметтер:

Басқармада жасырын мемлекеттік қызметтер жоқ.

Қорытынды ережелер мен жалпы ұсынымдар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша Басқарманың жұмыс тобы 5 Сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтап, 5 ұсыным енгізді.

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жұмыс тобына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтай отырып, Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

- бөлімдерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алу бойынша бақылауды күшейту.

- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту іс-шараларын ұйымдастыру.

Данияр Касенович

Корабаев                                  Басқарма басшысының орынбасары                                                                                                                                

Куралай Серикказыевна

Дюсенбаев                                Басқарма басшысының   орынбасары

Ирина Викторовна

Швацкая                                    Әкiмшiлiк-қаржы бөлiмнiң басшысы                                              

 Айжан Талгатовна 

Казкеева                                   Даму бағдарламаларын  ұзақ мерзімде жоспарлау бөлімінің басшысы                                               

 

«Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтамамен таныстым, екінші данасын алдым.

Дата публикации
02 октября 2026