GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Все материалы
Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
29 сентября 2026
Абай облысының 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 2 279,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі –101,2%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 540,2 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі – 103,7%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4,8% өсіммен 279,7 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 340,6 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі – 112,3%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 195,2 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 120,6%.

Ішкі сауда көлемі 743,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 105,4%.

Жыл басынан 105,6% өсіммен, 147,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 157,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 114,3%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 8,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 101,9%.

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
31 августа 2026
Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - шілде айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 2 005,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 102,0%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 472,8 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі - 102,7%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,8% өсіммен 213,4 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 282,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 116,1%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 154,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 123,1%.

Ішкі сауда көлемі 622,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 105,3%.

Жыл басынан 107,2% өсіммен, 138,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 136,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 115,8%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 101,5%.

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
04 августа 2026
Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1 711,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 101,5%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 405,5 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі - 104,0%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,7% өсіммен 158,7 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 232,3 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 123,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 125,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 131,0%.

Ішкі сауда көлемі 499,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 105,1%.

Жыл басынан 104,5% өсіммен, 128,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 114,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 117,8%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 6,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 101,0%.

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
08 июля 2026
Абай облысын дамыту - ортақ міндет

Облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында қатысушылар өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштеріндегі оң серпінді атап өтіп, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады. Үш сағатқа созылған жиында қоғам өкілдері мен билік арасында ашық диалог өрбіп, тараптар пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Кеңес отырысында облыс әкімдігінің өкілдері, салалық басқармалар басшылары және кеңес мүшелері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды іске асыру және өзекті мәселелерді шешу жолындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Жиында инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов өңірдегі қордаланған мәселелерді тек бірлескен жұмыс пен өзара түсіністік арқылы шешуге болатынын атап өтті.

– Баршаңызды өңіріміздің дамуына арналған диалог алаңында көргеніме қуаныштымын. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының бастамаларын облыс әкімі Берік Уәлидің жетекшілігімен жүйелі түрде орындап, бірқатар бастамалар мен іс-шараларды жүзеге асырып келеміз. Бүгін диалог форматында ортақ шешімді қажет ететін өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деді Мейірлан Раханов.

Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы өңірдегі көптеген салалар тұрақты өсім көрсетіп, жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, облыс экономикасының негізгі қозғаушы күші ретінде инвестициялық белсенділік сақталып отыр.

– Өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,9 трлн теңгеге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5 пайызға өсіп, 150,5 млрд теңгені құрады. Салалар бойынша алғанда өнер, ойын-сауық және демалыс саласына тартылған инвестициялар 5 есеге, сумен жабдықтау саласында 3 есеге, көлік және байланыс саласында 2 есеге артты, – деді Роза Құдайбергенқызы.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков инвестициялық жобалардың өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, бірнеше мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін айтты.

– Қазіргі уақытта облыстың инвестициялық пулына жалпы құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 112 инвестициялық жоба енгізілген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 33,1 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 525 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтуға, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға және өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруға бағытталған, – деді Айбек Рахымбеков.

Қоғамдық кеңес отырысында «Абайға құрмет» акциясының жүзеге асырылуына да ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта өңірде 22 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 12 жоба облыстардың қатысуымен, 7 жоба ірі инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылса, тағы 3 жобаға Үкімет қолдау көрсетіп отыр.

Биылғы жылдың тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысының қолдауымен салынып жатқан Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласы жүзеге асырып жатқан Шығармашылық орталықтың құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, оңтүстік мегаполис Семей қаласындағы Водный кентіне Мәдениет сарайын тарту етпек. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының сыйы - Достық үйінің құрылысы жалғасып, 1500 орындық мектептің құрылысына дайындық жұмыстары басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдау барысында «Абайға құрмет» акциясының маңыздылығына ерекше тоқталып, оны жоғары деңгейде өткізуді тапсырған болатын.

Жиында өңірдің танымал туристік аймағы – Алакөл көлінің жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту және қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері де қаралды. Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлының айтуынша, көл жағалауы құқықбұзушылықтарды тіркейтін бейнебақылау камераларымен толық жабдықталған. Камералар тәулік бойы нақты уақыт режимінде жұмыс істейді.

– Биыл Алакөл жағалауында жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған 224 заманауи бейнебақылау камерасы орнатылды. Барлық құрылғылар толық пайдалануға берілді. Жүйе қоғамдық тәртіпті тәулік бойы бақылап, адамдардың шамадан тыс шоғырлануын, құқықбұзушылықтарды және ықтимал қауіпті жағдайларды автоматты түрде анықтайды. Сонымен қатар жағалау мен су айдынында интеллектуалды дауыс зорайтқыштар жұмыс істеп, демалушыларға қауіпсіздік ережелері мен қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі жөнінде тұрақты түрде ескерту жасап отырады, – деді басқарма басшысы.

Мейірлан Раханов соңғы төрт жылда Абай облысында қол жеткізілген нәтижелер өңірдің экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтып, оң даму қарқынын жалғастыруға негіз болатынын айтты.

– Бәріміздің ортақ мақсатымыз – облыстың жүйелі дамуын қамтамасыз ету. Сондықтан нәтижеге тек бірлескен еңбек арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Жаз – өте қысқа кезең. Осы уақыт ішінде көптеген маңызды мәселелерді шешіп үлгеруіміз қажет. Баршаңызды ортақ іске жұмылып жұмыс істеуге шақырамын. Абай облысының құрылғанына төрт жыл болды. Осы уақыт ішінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткіздік әрі болашаққа сеніммен қараймыз. Ұзақ жылдар бойы өңірге тиісті деңгейде көңіл бөлінген жоқ. Енді Абай облысының өркендеу дәуірі басталды. Сондықтан біз бір-бірімізді қолдап, өңіріміздің әлеуетін бірге нығайтамыз, – деп түйіндеді Мейірлан Раханов.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері пікір алмасып, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар қарауына енгізді.

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
29 июня 2026
Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - мамыр айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1 421,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі -101,6%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 335,3 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі - 107,5%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,5% өсіммен 106,1 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 150,5 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 123,5%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 58,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 120,9%.

Ішкі сауда көлемі 382,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 104,0%.

Жыл басынан 155,2% өсіммен, 54,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 94,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 118,6%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 5,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 101,3%.

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
30 мая 2026
Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - сәуір айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 1,1 трлн. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі -102,8%. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінің көлемі 254,3 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 107,9%, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 852,2 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 100,5%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,1% өсіммен 76,6 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 111,0 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 119,4%.

Ішкі сауда көлемі 296,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 103,6%.

Жыл басынан 146,0% өсіммен, 42,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 74,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 121,1%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 4,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 100,3%.

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
30 мая 2026
Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - наурыз айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 799,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі -103,2%. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінің көлемі 185,2 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 108,1%, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 589,6 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 101,0%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,5% өсіммен 50,6 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 83,9 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі - 121,8%.

Ішкі сауда көлемі 214,9 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 103,6%.

Жыл басынан 141,3% өсіммен, 34,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 56,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 125,2%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 3,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 101,1%.

Бюджеттік саясат
31 марта 2026
Бүгін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы облыстық мәслихат сессиясында 2026 жылға облыстық бюджетті нақтылау және облыстың даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Бюджетті нақтылау аясында агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға, несиелік тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруға, сондай-ақ бірінші кезектегі шығыстарға қосымша қаражат қарастырылды.
Мемлекет басшысының қалалардың сыртқы келбетін жақсартуға қатысты тапсырмасына сәйкес, облыстың даму жоспарына қалалық ортаны дамыту іс-шаралармен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Бюджеттік саясат
Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
31 марта 2026
Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлының төрағалығымен өткен жиналысқа экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы қатысты.

Күн тәртібінде 2026 жылдың I тоқсаны бойынша облыстың әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамды орындалуы, бюджет кірістерін ұлғайту резервтерін анықтау, келесі жылға бюджетті қалыптастыру бойынша мәселелер қаралды.
Жиналыс қорытындысында басқармалар мен қала, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау
31 марта 2026
Абай облысының 2026 жылғы қаңтар - ақпан айларындағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Өнеркәсіпте 528,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі - 103,6%. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінің көлемі 110,2 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 104,6%, тау-кен өнеркәсібінің көлемі 401,2 млрд. теңге немесе, нақты көлем индексі - 102,9%. 

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4,7% өсіммен 282 млрд. теңгені құрады 

Облыс экономикасына 33,0 млрд. теңгеге инвестиция салынды, нақты көлем индексі - 100,2%. 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 129,5%. 

Ішкі сауда көлемі 136,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 104,8%. 

Көлік қызметтерінің көлемі 36,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 127,5%. 

Байланыс қызметтерінің көлемі 2,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 102,5%. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы