Меню

Страницы

Статья

Экономикалық саясат, стратегиялық жоспарлау

Абай облысының әлеуметтік экономикалық саясаты «Қазақстан – 2050» Стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде халықтың әл ауқатын арттыру және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.

Тиімді экономикалық өсуді, әлеуметтік әл ауқат және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ инфляция деңгейін, баға тұрақтылығын төмендету міндеттерін шешу бойынша жұмыс жалғасуда.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, «Баршаға Амандық! Сабақтастық. Әділдік. Қазақстан Республикасы Президентінің ілгерілеуі» әлеуметтік экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары болып табылады:

  1. Макроэкономикалық тұрақтылық арқылы

           - теңгерімді фискалдық саясатты жүргізумен, салық салынатын базаны кеңейтумен, бюджеттік шығыстарды ұтымды етумен, сондай-ақ Мемлекет міндеттемелерін тиімді басқарумен мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету;

           - инвестициялық ахуалды жақсарту және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді, олардың негізсіз өсуіне жол бермеуді бақылау;

  1. Экономика салаларын дамыту

экспорттық әлеуеті мен еңбек өнімділігін ұлғайта отырып, кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды енгізе отырып, кәсіпорындардың энергиялық тиімділігіне, энергия үнемдеуге, экологиялық тазалығына қойылатын талаптарды арттыра отырып, «жасыл» технологияларға инвестициялауға ынталандыра отырып, базалық салаларды ауқымды технологиялық жаңғыртуды жүргізу;

- инновациялық дамуды, цифрлық технологияларды индустрияландырудың үшінші бесжылдығын іске асыру, сондай-ақ «қарапайым заттар экономикасын» дамыту;

- АӨК-нің ғылымды қажетсінуін кеңейте отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жолымен еңбек өнімділігін ұлғайту, егіс алқаптары мен суармалы жерлердің ауданын ұлғайту, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту;

- жылу, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелерін интеграциялай отырып, инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ көліктік логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, құрылыс секторында зияткерлік көлік жүйесі мен заманауи технологияларды енгізу;

- мемлекеттік қолдау құралдарын дамыта отырып, рентабельді жобалар мен бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға бағдарланған инвестицияларды ынталандыру;

- цифрландыруды ілгерілету, туристік сала мен сауданың өсу мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ жобаларды қаржыландырудың баламалы тетіктерін дамыту.

Дата публикации
16 марта 2023
Дата обновления
16 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 июля 2026
2026 жылғы 13 шілдедегі № 11 дауылды ескерту қатты және өте қатты ыстық туралы
14 июля 2026
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қазіргі экономиканың дамуының негізгі табысты тетігі ретінде
Ақпарат
25 июня 2025
Антикор азаматтарға арналған WhatsApp чат-ботын іске қосты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы