Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
Осы бағыт шеңберінде басқарма коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларының тізбесін қалыптастырады, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларының конкурстық құжаттамасы, оның ішінде бизнес-жоспарлар бойынша қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуметтік мәселелерді шешу үшін еліміздің экономикасына инвестициялар тартудың маңызды тетіктерінің бірі.
Инвестицияларды тарту және бюджетті жеңілдету құралдарының бірі МЖӘ тетігі болып табылады.
Абай облысында МЖӘ тетігі аясында көлік, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және білім салалары бойынша 10 жоба іске асырылуда.
Білім беру саласында 2 жоба бойынша конкурстық рәсімдері жүзгізілуде.