
Мақалова Арайлым Айдынқызы 1990 жылғы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Таскескен ауылында дүниеге келген.
2013 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Аягөз ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде экономист болып бастады.
2011 жылдан 2014 жылға дейін Аягөз ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бас бухгалтер болып жұмыс істеді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Аягөз ауданының жұмыспен қамту орталығында бас бухгалтер, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында бухгалтер және бас бухгалтер лауазымдарын атқарды.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында директордың қаржы бөлімі бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 жылдан 2025 жылға дейін Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-әкімшілік және қаржы-экономикалық бөлімдерінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2025 жылы Абай облысының дін істері басқармасының әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 17 қыркүйектен бастап Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім, мәдениет салаларын жоспарлау және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.