
Хайбуллин Рустам Миршатович 1977 жылы Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Инструментальщик» Семмашзаводы АҚ фрезерлеуші болып бастаған.
2002 - 2009 жылдары Семей қаласының қаржы бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2009 - 2012 жылдары-Семей қаласының қаржы бөлімінде сектор меңгерушісі.
2012 - 2022 жылдары-Семей қаласының қаржы, экономика және қаржы бөлімдері басшысының орынбасары.
2022 жылғы 16 тамыздан 2024 жылғы 8 ақпанға дейін «Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің инвестициялық саясат бөлімінің басшысы болды.
2024 жылғы 9 ақпаннан бастап «Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің материалдық өндіріс және кірістерді болжау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.