
Мақаншы, Үржар, және Аягөз аудандарында Абай облысының дін істері басқармасы және терроризмге қарсы бағытындағы уәкілетті органдар өкілдерімен кездесу өткізілді. Аталған шараның маңыздылығы терроризмнің алдын алу және қауіпсіздік саласында жергілікті органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шараның негізгі мақсаты әдістемелік көмек көрсету және бірлескен іс-шараларды жоспарлау арқылы жергілікті атқарушы органдардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылды . Аудандардағы қалыптасқан ахуалды ескере отырып бірлескен іс-шараларды жоспарлап, мемлекеттік саясатты іске асыру бағыты талқыланды. Сонымен қатар, экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу жолдары бірлесіп зерделенді.