Діни бірлестіктердің өкілдері арасында шахмат түрниры өтті.

Діни бірлестіктердің өкілдері арасында шахмат түрниры өтті.

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Абай облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктердің өкілдері арасында шахмат түрниры өтті.
Аталған шараның мақсаты - діни бірлестіктер өкілдері арасында командалық рух пен достықты қалыптастыру, конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту.
Турнирдың қорытындысы бойынша
🥇орын - Қалдыбаев Мұхаммер - Ахметсафа қажы мешіті;
🥈орын - Мирамбаев Ильзат - 7 күн адвентистер шіркеуі
🥉орын - Махтиев Қуаныш - Шәкәрім қажы мешіті.
Барлық жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.