Абай облысының діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті

Абай облысының діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті

А.ж. 24 желтоқсанында Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы дөңгелек үстел форматында өткізіліп, басқарманының жұмысына жылдық қорытынды жасалды.
Шараға Абай облысы діни бірлестіктер басшылары және клуб мүшелері, Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы А. Садырбаев қатысты. А.Садырбаев қатысушыларды келе жатқан мейрамдарымен құттықтап, конфессиялар арасында диалог пен қауымдастықты күшейту маңызды екендігін атап өтті. Басқосуда қатысушылар келесі жылға жоспарланған іс-шараларды талқылап, ұсыныстарымен бөлісті. Жиын соңында басқарма басшысы С. Ысқақов облысымыздың діни бірлестіктер басшыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстап, барша қатысушыларды келе жатқан мейрамдармен құттықтады.