
А.ж. 10 желтоқсанында Абай ауданында діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткізілген семинарда Абай облысының дін істері басқармасының бас маманы Ж. Амангелдіұлы дін қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы заңнаманы түсіндіру бойынша баяндама жасады. Қазіргі уақытта басқармамен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу.
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру.
орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру.
4) Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасуын келісу туралы шешім беру.
5) Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру. Аталған барлық мемлекеттік қызмет түрлері автоматтандырылған, қызмет алушылар жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе онлайн түрде е-license порталы арқылы жүгіне алады.