Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Б. Сәрсебаев әлеуметтік сала басқармаларының басшыларымен бірге жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданына барды

Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Б. Сәрсебаев  әлеуметтік сала басқармаларының басшыларымен бірге жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданына барды

2024 жылдың 4 желтоқсанында Абай облысы әкімінің орынбасары  Ж.Б. Сәрсебаев  әлеуметтік сала басқармаларының басшыларымен бірге жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданына барды. Абай облысының дін істері басқармасының басшысы  С.А. Ысқақов аудан тұрғындарын басқраманың дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ағымдағы жылы атқарылған жұмыстармен таныстырып,  аталмыш өңірдің діни ахуалы туралы баяндама жасады.

Жиын барысында  С.А. Ысқақов дәстүрлі құндылықтарды сақтауда діни бірлестіктер қызметінің үлес зор екендігін және Қазақстанда қалыптасқан конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей үлгісінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол азаматтарды экстремизм мен радикализмнің алдын алу шараларына белсенді қатысуға шақырды.