
2024 жылдың 3 желтоқсанында Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Б. Сәрсебаев бастаған әлеуметтік сала басқармаларының басшылары жұмыс сапарымен Абай ауданына барды. Басқарма басшысы С.А. Ысқақов аталмыш өңірдің діни ахуалы туралы баяндама жасап, аудан тұрғындарын ағымдағы жылы атқарылған жұмыстармен және басқарманың дін саласы бойынша көрсететін мемлекеттік қызметтерімен таныстырды.
Жиын барысында С.А. Ысқақов қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және рухани құндылықтарды нығайтуда конфессияаралық диалог пен келісім қазақстандық қоғам мен мемлекеттің басты құндылығы екендігі атап өтті. Басқарма басшысы, қоғамдағы діни толеранттылықты қабылдаудағы оң өзгерістерге тоқталып, азаматтарды экстремизм мен радикализмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларға белсенді ат салысуға шақырды.