
А.ж. 29 қарашасында Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Б.Сәрсебаев бастаған әлеуметтік салаға жетекшілік ететін басқарма басшыларының іс-сапары Жарма ауданында жалғасты.
Дін істері басқармасының басшысы С.А. Ысқақов Жарма ауданының діни бірлестік басшыларымен кездесіп, облыс бойынша, соның ішінде Жарма ауданында діни ахуалға талдау жасады.
Сондай-ақ, әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу барысында, басқарма басшысы басқарма құрылғалы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат беріп, облыстағы діни ғибадат үйлерінің құрылыстарын салу, тіркеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін реттеумен қамтамасыз етуді басқарманың дін саласы бойынша көрсететінін мемлекеттік қызметі қамтамасыз ететінін атап көрсетті.