
А.ж. 27 қарашасында Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Б.Сәрсебаевпен әлеуметтік салаға жетекшілік ететін басқарма басшыларының іс-сапары Аягөз ауданында жалғасты.
Әлеуметтік сала қызметкерлерімен өткізілген жиын барысында дін істері басқармасының басшысы С.Ысқақов, діни бірлестік өкілдері облыстағы діни ахуал жөнінде ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты. Басқарма басшысы басқарманың дін саласындағы көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы баяндама жасап, облысымызда ресми тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалғанын, қолданыстағы заңнама аясында миссионерлік қызметті жүзеге асыру, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату тәртібі нақты айқындалғанын жеткізді.