Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Сәрсебаев Әлеуметтік сала басқармаларының басшыларымен бірлесіп Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды.

Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Сәрсебаев Әлеуметтік сала басқармаларының басшыларымен бірлесіп Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды.

   

А.ж. 26 қарашасында Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Сәрсебаев Әлеуметтік сала басқармаларының басшыларымен бірлесіп Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды.

Іс-сапар барысында дін істері басқармасының басшысы С. А. Ысқақов Үржар ауданының ғибадат үйлерін аралап, олардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу барысында басқарма басшысы дін істері басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар етіп, басқарманың жұмысын таныстырып, келесі жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында басқарма басшысы ұлтаралық және конфессияаралық келісім - Қазақстан халқы бірлігінің негізі екенін атап өтті.