
А.ж. 22 қарашасында басқарма басшыларымен Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Б.Сәрсебаев бастаған делегация жұмысы Бородулиха ауданында жалғасты. Жұмыс сапары аясында Дін істері басқармасының “Діни бірлестіктермен байланыс және оңалту жұмысы және мемлекеттік қызметтер көрсету” бөлімінің басшысы Н.Кобжасаров Бородулиха ауданындағы діни бірлестіктермен танысты. Сондай-ақ, әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу барысында басқарма басшысы басқарманың атқаратын жұмысымен таныстырып, дін саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер төңірегінде баяндама жасады. Сөз соңында бөлім басшысы, конфессияаралық татулық - тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі екенін түсіндірді.