А.ж. 20 қарашасында Абай облысы әкімінің орынбасары Ж.Б. Сәрсебаев басқармалар басшыларымен бірге Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен барды. Іс- сапары барысында облыстың дін істері басқармасының басшысы С.А. Ысқақов Бесқарағай аудандық мешітіне кіріп, мешіт имамы С. Аманұлымен кездесіп, жұмыс барысын талқылады. Сонымен қатар, ауданның белсенді мүшелеріне, қоғамдық ұйымдарына басқарманың жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.