
Ағымдағы жылдың 29 қазанында Абай облысының дін істері басқармасы Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға облыстың колледждерінің және университеттің басшыларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты кәмелет жасқа толмағандардың арасында арасында зайырлы қоғам мен рухани құндылықтарды арттыру. Іс шара барысында дін істері басқрамасының басшысы С. Ысқақов, білім басқарма басшысының орынбасары А. Нускенова, дін мәселелерін зерттеу орталығының диоекторы М.Өмірханов өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік тәрбиесінің рөлін, олардың діни радикализммен күресу имунитетін қалыптастыру түсіндіріп, жастар арасында интернет кеңістікте терроризм мен діни экстремизмнің алдын алудың тиімді тетігін құру қажеттілігін айқындады.