Республика күніне орай Абай облысының діни бірлестіктері арасында спорттық сайыстар өткізілді

Республика күніне орай Абай облысының діни бірлестіктері арасында спорттық сайыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Республика күніне орай Абай облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өтті. Іс-шараға волейбол, теннис сияқты спорт түрлерінен сайысқа діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Бұл іс-шаралардың мақсаты - діни бірлестіктер өкілдері арасында командалық рух пен достықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шараның салтанатты ашылуына Абай облысының дін істері басқармасының басшысы С. А. Ысқақов, Абай облысының бас имамы А.Ә. Мұқанов, Абай облысының орыс православиелік шіркеудің басшысы Е.Е. Яганов қатысты.

Сайысқа қатысушылар жақсы спорттық дайындықты ғана емес,   сондай-ақ ұжымда әрекет ету қабілетін де көрсетті.

Сайыстың қорытындысы бойынша

Волейбол ойынынан:

І орынды Абай Құнанбайұлы атындағы мешіті;

ІІ орынды Әбу-Бәкір мешіті;

ІІІ орынды 49 ЖОББМ ұжымы иеленді.

Теннис ойынынан:

І - орын Уйсумбаев Турсынбек Турспекович (Семей қ. «Түрлендіру» Евангельдік Сенім мәсіхшілерінің сенушілер қауымы);

ІІ - орын Темирханов Алтай (Семей қ. «Түрлендіру» Евангельдік Сенім мәсіхшілерінің сенушілер қауымы);

ІІІ- орын Бауыржанұлы Нұржан (Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт).

Барлық командалар грамоталармен марапатталды.