Ақпараттық-түсіндіру жұмысы тобының мүшелеріне арналған семинар Тақырыбы «Дін және халық дәстүрлері»

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы тобының мүшелеріне арналған семинар Тақырыбы «Дін және халық дәстүрлері»

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Абай олысының дін істері басқармасының Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласында «Дін және халық дәстүрлері» облыстық семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты - дін саласындағы  ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің  заңнамалық аспектілер аясында деструктивті діни ағымдармен күрес жұмыстарын және құқықтық мәдениет пен сауаттылығын арттыру және діни экстремизм, терроризмнің себеп-салдары және оның алдын алу.  Семинар тренерлері Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі,"Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы" ЖШС директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, психолог,  Раздықова Гульназ Максутовна және Alikhan Bokeikhan University-нің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мамырбеков Арафат Мәжитұлы өткізді. Аталған іс шараларға жастар, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің, басқармалар мен департаменттердің өкілдері қатысып, жиыны 50 адам қамтылды.

Семинар аяқталған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.