Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары

Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары

Ағымдағы жылдың 6-12 қыркүйегінде Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-мамандары дін саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, зайырлы мемлекет түсінігі мен қағидаларын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді.

  • «Шәкәрім ат. №5 профильді мектебі»;
  • «Қаражыра» АҚ
  • №27 жалпы білім беру орта мектебі»;
  • №35 жалпы білім беру орта мектебі»;
  • №20 жалпы білім беру орта мектебі»;
  • №30 жалпы білім беру орта мектебі»;
  • «Транспорт колледжі» КМҚК
  • «Технологиялық колледжі»
  • Бородулиха ауданының жұмыссыздарына;
  • Аягөз ауданы, Ақтоғай ст. «8 жалпы білім беру орта мектебі»;
  • «Ақтоғай жалпы білім беру орта мектебі»;
  • Ақтоғай ст. «Мәнсүл» жамағаты мешіті;
  • «Қамқор ЛОКОМОТИВ» ЖШС-нің» Аягөз локомотив жөндеу депосы» филиалы

Кездесуде жастарға, еңбек ұжымына деструктивті идеологияға қарсы имунитетін қалыптастыру, деструктивті діни ұйымдарға кіру қаупін болдырмау, оның алдын алу және деструктивті идеялардан сақ болу ескертілді. Осы аралықта 22 ақпараттық-түсіндіру сипатында іс-шара өткізіліп, жалпы 1329 адамды қамтыды.