ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Абай облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 5-9 тамыз аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде

Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысады:

  1. Қожахметова Талшын Зарқымқызы – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы, исламтанушы;
  2. Солтан Роза – Ақмола облысы, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог маманы;
  3. Абитова Асия Рамзанқызы – Павлодар облысы, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС бөлім басшысы;
  4. Новикова Светлана Николаевна – Абай облысы, "ПСИХЕЯ" психологиялық орталығының директоры, сарапшы.

2024 жылғы 5-9 тамыз аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Аягөз қаласы, Жаңғызтөбе кенті, Қалбатау ауылы, Шар қаласы және Семей қаласы тұрғындарымен, мешіттегі әйел жамағатымен, ұстаздармен, жастармен, емхана және әкімшілік қызметкерлерімен және т.б. «Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру жолдары», «Жас ерекшелік психологиясы», «Жалпы білім беру немесе мемлекеттік мекемелердегі әйелдердің діни ұстанымы», «Қазақстан қоғамындағы әйелдің рөлі», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Діни және құқықтық сауаттылық – адасулықтан сақтайды»  және т.б.тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.