Абай облысының діни бірлестік басшыларының клубының қорытынды отырысы

Абай облысының діни бірлестік басшыларының клубының қорытынды отырысы

2025 жылғы 10 желтоқсанда Абай облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Діни бірлестік басшылары клубының» 2025 жылға арналған  іс-шаралар жоспарына сәйкес, жылдың қорытынды отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Наиб мүфтиі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы, Абай облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ажханов Мұрат Талғатұлы және жедел уәкіл, полиция капитаны Рахимов Айбар Берікболұлы арнайы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілер мен  облыстағы тіркелмеген діни ғибадат үйлері  секілді маңызды мәселелер талқыланып, «Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында Абай облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Айбар Рахимов баяндама жасады. Аталған мәселе төңірегінде діни бірлестік басшылары өз ұсыныстарын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында басқарманың діни бірлестіктермен байланыс, оңалту жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Көбжасаров басқарманың 2025 жыл көлемінде атқарған негізгі жұмыстары туралы есептік баяндама жасады.