Абай облысында діни сауаттылықты арттыруға арналған оқыту семинары өтті

Абай облысында діни сауаттылықты арттыруға арналған оқыту семинары өтті

Абай облысының дін істері басқармасымен өңір халқының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Дін және дәстүр» екі күндік облыстық оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, білім беру мекемелерінің психологтары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және мешіт имамдары 3 топқа бөлініп қатысты. Жалпы қатысушылар саны 150 адам. Семинарға арнайы шақырылған республикалық деңгейдегі дәріскерлер, «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті өкілдері, Семей қаласының дінтанушылары, тәжірибелі психологтар дәріс оқыды.

Семинар барысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерінің көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, жастар арасында психологиялық тұрғыдан діни экстремизмнің алдын алу және деструктивті діни ағым өкілдерін қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімдеу сияқты өзекті тақырыптар талқыланды. Оқыту семинарының соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Іс-шара нәтижесінде өңірдегі діни сауаттылықты арттыруға және қатысушылардың кәсіби қабілеттерін жетілдіруге маңызды қадам жасалды.