
Абай облысының Дін істері басқармасы ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды. Іс-шараға әртүрлі діни бірлестіктердің өкілдері мен Шәкәрім университетінің студенттері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты — қоғамның назарын қаланың тазалығын сақтау мен абаттандыру мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ конфессияаралық және ұлтаралық бірлікті нығайту болып табылады.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және өңірдегі әртүрлі әлеуметтік әрі діни қауымдастықтар арасындағы диалогты нығайтуға ықпал етеді.