
А.ж. 10-12 қарашада Абай облысына Атырау облысындағы «Шапағат» қоғамдық қорының оңалту бөлімінің басшысы Сұлтангелді Сариев және теолог мамандары Перизат Еркінбай мен Малика Рустамқызы іссапармен келіп, Аягөз және Үржар аудандарының мектеп психологтарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында теолог мамандар жат ағымдардың алдын алу, жасөспірімдермен жұмыс жүргізу бағытында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, қатысушыларға діни сауаттылықты арттыру және экстремистік идеологияның ықпалынан сақтану жолдары бойынша кеңестер берілді. Бұдан бөлек, Семей қаласында өңірдің теолог мамандары құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған семинар өткізіп, деструктивті діни және радикалды бағыттардың идеологияларымен таныстырды. Семинар барысында олардың алдын алу жолдары мен оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері талқыланып, тәжірибе алмасу өтті.