
А.ж. 14-15 қазанында Абай облысында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім күні» мерекесіне арналған «Дінаралық диалог – ортақ құндылықтар мен бірлік жолы» атты облыстық форум өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрлан Раханов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол «Рухани келісім күні» – ел бірлігі мен татулығын, дінаралық өзара құрмет пен түсіністікті дәріптейтін маңызды мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ, конфессияаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыс әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады.
Форумның пленарлық отырысында облыстың Дін істері басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Көпжасаров Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съездің маңыздылығы мен нәтижелері туралы баяндады. Форумға қатысушылар еліміздегі дінаралық татулық пен конфессияаралық келісімді нығайту бағытында пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Форум жұмысына өңірдегі діни бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.
Форум бағдарламасы екі күнге жоспарланып, мазмұнды іс-шараларға толы болды. Бірінші күні діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті.
Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері мен ішкі саясат бөлімдерінің мамандарына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған семинар экстремизмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және халықпен тиімді коммуникация орнату тәсілдеріне арналды. Семинар барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, психолог-практик Шакимова Лола Сергеевна «Криминалдық профайлинг: деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың психологиялық портреті» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Ол деструктивті ағым өкілдерінің мінез-құлық ерекшеліктері, оларды анықтаудың психологиялық әдістері және алдын алу шаралары жөнінде практикалық мысалдармен бөлісті.
Келесі күні қатысушылар үшін зияткерлік ойындар мен пікірталас алаңдары өткізілді. Ойын 5 кезеңнен тұрды. Қатысушы командалар: «Идеологтар», «Абай жұлдыздары», «OVP Star», «Алғырлар командасы», «Семей» және «Барыс».
Нәтижесінде:
• 1-орынды – «Барыс» командасы,
• 2-орынды – «Алғырлар командасы»,
• 3-орынды – «Абай жұлдыздары» командасы иеленді.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Форумның мәдени бағдарлама аясында Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі мен«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін аралады.