
Абай облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Тұйғанов М.С. қатысуымен cеминар өтті.
Іс-шараның мақсаты - діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, құқық қорғау және білім беру мекемелері өкілдерінің діни сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын нығайту.
Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, полиция және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен дінтанушылар қатысты.
Шара барысында дәріскер діни радикализмнің қоғамға төндіретін қауіптері, радикалды идеологиялардың таралу жолдары мен олармен күресудің заманауи тәсілдері туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.