Дін сұрақтар бойынша "Радио 7" радиостанциясында сұхбат берілді

Дін сұрақтар бойынша "Радио 7" радиостанциясында сұхбат берілді

Абай облысының Дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат Өмірханов «Радио 7» өңірлік радиостанциясының таңғы тікелей эфиріне қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша сұхбат берді. Эфир барысында ол  теріс діни ағымдардың алдын алу жұмыстары, халықтың діни сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, сұхбатта жастар арасында радикалды идеологияның таралуының алдын алу, отбасы мен білім беру мекемелерінің рөлі, әлеуметтік желілердегі діни мазмұндарды тұтыну мәдениеті секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Сұхбат барысында тыңдармандар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріліп, дін саласына қатысты туындаған мәселелерге сараптамалық түсініктеме берілді. Қазіргі таңда радиостанцияның тұрақты тыңдармандарының саны шамамен 75 000 адамды құрайды.